Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 31.07.2017 № 85/18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Успен аудандық мәслихатының 2009 жылғы 28 шілдедегі "Успен ауданының жерлерді бөлу нобайын бекіту туралы" N 93/17 (2009 жылғы 12 қыкүйектегі "Сельские будни" газетінің 36 нөмірінде жарияланған, N 12-12-76 мемлекеттік нормативтік құқық актілер тізілімінде тіркелген) шешіміне төмендегі өзгерістер енгізілсін:
2 тарау 2 бөлімнің 7 бөлігі алынып тасталсын;
2 тарауыдың 2 бөліктін 8 бөлігі жаңа мазмұнда баяндалсын:
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Жер кодексінің 6 тарауына сәйкес жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерін пайдалану кезіндегі құқықтары мен міндеттері жүзеге асырылады.
2. Осы шешім алғашқы ресми басылымға жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Аудандық мәслихатының IV сайланған | |
XIX сессия төрағасы | В. Латун |
Аудандық мәслихатының хатшысы | Т. Байғожинов |