Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімінің 2010.03.05 N 3 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 33 бабы 1 тармағының 13 тармақшасы және Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілерді әскерге шақыру және әскери есепке алуды жүргізудің тәртібі жөнінде Ережесін бекіту туралы" N 371 қаулысы негізінде ШЕШІМ қабылдаймын:
1. "Шарбақты ауданының қорғаныс істері бөлімі" мемлекеттік мекемесіне әскерге шақыру учаскесіне 1992 жылы туған азаматтарды әскери тізімге алуды 2009 жылы қаңтар-наурызда өткізсін.
2. Аудан әкімінің 2008 жылғы 22 қаңтардағы "1991 жылы туған жасөспірімдерді әскерге шақыру учаскесіне әскери тізімге алуды өткізу туралы" N 1 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-13-40 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп саналсын.
3. Шарбақты ауданының әділет басқармасының 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 37 қорытындысын негізге ала отырып, аудан әкімінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы "1992 жылы туған жасөспірімдерді әскери тізімге алуды өткізу туралы" N 22 шешімі жойылсын.
4. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөнінде орынбасары Гүлстан Сағынтайқызы Теміржановаға жүктелсін.
Шарбақты ауданының әкімі С. Смағұлов
Келісілді:
"Шарбақты ауданының қорғаныс
істері бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы, капитан
5 қаңтар 2009 жыл М. Айғазинов