Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 13 бабы 4 тармағына сәйкес Алматы қалалық ономастика жөніндегі комиссияның ұсынысы негізінде бірлесе отырып, Алматы қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және ІV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 16 линия көшесі (1200 метр Бостандық ауданы Абай даңғылынан Басенов көшесіне дейін) Тұрғанбек Қатаев көшесі болып өзгертілсін.
2. Алматы қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы көшелердің есім көрсеткіштерін, үйлердің рет сандарын жасап және орнатуға Алматы қаласының жергілікті бюджетіндегі көзделген қаржы есебінен ақша қаражатын қарастырсын.
3. Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі (З. Аманжолова), Алматы қаласының жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы (келісім бойынша) көшелердің жаңа есім көрсеткіштерін және үйлердің рет сандарын жасап орнатсын.
4. Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі (З. Аманжолова) осы нормативтік құқықтық актіні тиісті мекемелерге жеткізсін.
5. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссияға (Е.Тәжиев) және Алматы қаласы әкімінің орынбасарына (С. Сейдуманов) жүктелсін.
6. Осы нормативтік құқықтық акті алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының
әкімі А. Есімов
ІV сайланған Алматы қаласы
мәслихаты XXIII сессиясының
төрағасы Т. Мұқашев