Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының 2012.04.20 N 02.03.03-29/369 хаты)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5-тармағына, 20-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын жүзеге асыру жөніндегі іс–шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2001 жылғы 19 шілдедегі № 38 «Қоғамдық жұмыстарды, жұмыссыздардың кәсіби дайындығын, біліктілігін арттыру және қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі ережені бекіту туралы» қаулысына (2001 жылғы 30 шілдедегі мемлекеттік тізілімдегі № 398 тіркелген, 2001 жылғы 7 тамыздағы «Северный Казахстан» газетінде ресми жарияланған) сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған қоғамдық жұмыстардың түрлері бойынша ұйымдардың тізбесі, түрлері, көлемдері және еңбекақы мөлшерлері бекітілсін.
2. Аудан бюджетінде қоғамдық жұмыстарды жүргізуге қарастырылған қаражат шегінде «Аққайың аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бекітілген Тізбеге сәйкес жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын.
3. «Аққайың аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қоғамдық жұмыстарға қамтылған жұмыссыздардың еңбекақысын төлеуге ақшалай қаржыландыруын уақытылы қамтамасыз етсін.
4. «2008 жылы Аққайың ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» аудан әкімдігінің 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 29 қаулысы (2008 жылғы 26 ақпандағы мемлекеттік № 13-2-52 тіркеу нөмірі, 2008 жылғы 13 наурыздағы № 6 «Аққайың» газетінде, 2008 жылғы 13 наурыздағы № 12 «Колос» газетінде жарияланған) қаулының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. М. Нүркеновке жүктелсін.
6. Осы қаулы Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған кезден бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Шушамоин
Аққайың ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 14 қаулысымен
бекітілген
Қоғамдық жұмыстардың түрлері бойынша ұйымдардың тізімі, жұмыстың түрлері, көлемдері, еңбекақы мөлшері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Аққайың ауданы мәслихатының 2009.05.25 N 111 Шешімімен
Ұйымдардың атауы |
Жұмыс |
Қоғамдық жұмыстардың |
Разряды |
Коэффи- |
«Аққайың аудандық мұрағаты» мемлекеттік мекемесі |
2 адам |
Құжаттарды сақтауға даярлау және өңдеуге көмек көрсету |
G-14 |
1,43 |
Аққайың ауданы селолық округ әкімдерінің аппараттары |
308 адам |
Аққайың ауданы селолық елді мекендерде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде, құқық қорғаушы органдарына жәрдемдесу отрядтарына қатысу; |
G-14 G-14 G-14 II ІІІ ІІІ ІІ G-14 G-14 ІІ ІІІ G-14 ІІІ |
1,43 1,43 1,43 1,49 1,59 1,59 1,49 1,43 1,43 1,49 1,59 1,43 1,59 |
Қорытынды: |
310 |
Ескерту: 5, 10, 11, 13 тармақтарында белгіленген жұмыстар ұйымдардың штат кестелерінде сәйкес бірліктер болмаған жағдайда жәнебұл мақсаттарға жергілікті бюджеттерде қаражаттар қарастырылмаған жағдайда қолданылады