Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігінің 2010.01.06 N 1 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарында № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 28 сәуірдегі № 2247 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Келесі категориялы азаматтардың тіс протездеуіне (одан әрі - әлеуметтік көмек) әлеуметтік көмек көрсетілсін:
Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне;
жеңілдіктері мен кепілдемелері бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және мүгедектеріне теңестірілгендерге;
2. Әлеуметтік көмек 2009 жылы аудан бюджетінен бөлінген қаржы мөлшеріне байланысты көрсетіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Р. Тілеубаеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Е. Айнабеков