Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2012.08.29 N 02.04.05-05-11/531 хаты)
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына сәйкес, кадрлар құрылымының өзгеруіне байланысты, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» (мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 14 мамырда № 13-6-115 болып тіркелген, «Ишим» газетінде 2009 жылғы 05 маусымдағы № 24 (8432) жарияланған) Есіл ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 06 мамырдағы № 118 қаулысына келесі өзгертулер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасында «Сейітқасымов Ербол Асылбайұлы» деген сөздер «Сүлейменов Сағындық Әбдірахманұлы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-қосымшасында «Жолдаяқова Мәмила Әубакірқызы» деген сөздер «Береснева Екатерина Витальевна» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
В. Бубенко
КЕЛІСІЛДІ:
Есіл ауданы қорғаныс істері
жөніндегі бөлім бастығының у.м.а Тасбұлатов
Ертай Сайдоллаұлы
03.08.2009ж
Аудандық орталық
ауруханасының бас дәрігері Қалиева
Сәуле Сабыржанқызы
03-08.2009ж