Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2009.10.16 N 246 Қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылдың 15 қаңтарындағы Заңының 6-2-бабы 2) тармақшасына сәйкес, заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеуге алу мақсатымен аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жамбыл ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі Жамбыл ауданының аумағында саны аз діни топтарды есептік тіркеуге алу жөніндегі уәкілетті орган болып белгілесін.
2. Тіркеу органында есептік тіркеуге жататын саны аз діни топтарға заңды тұлға мәртебесі бар, Қазақстан Республикасының діни бірлестіктерінің біріне құрылымдық жағынан жатқызылатын заңды тұлға белгісі жоқ жергілікті діни қауым жатқызылады.
3. Саны аз діни топ туралы мәліметтерді есепке алу журналына енгізу жолымен тіркеу органында есептік тіркеуге қойылған сәтінен бастап саны аз діни топ өзінің діни қызметін жүзеге асыру құқығына ие болады.
4. Саны аз діни топты есептік тіркеуге алу үшін оның басшысы немесе өкілетті тұлға тіркеу органына келесі құжаттарды тапсырады:
1) 1-қосымшаға сәйкес есептік тіркеуге қабылдау туралы өтініш;
2) құрылымы жағынан саны аз діни топқа жатқызылатын, заңды
тұлға мәртебесі бар діни бірлестік жарғысының көшірмесі;
5. Есептік тіркеу 2-қосымшаға сәйкес, қатаң есепке алу
жөніндегі арнайы журналға саны аз діни топтар туралы мәліметтерді енгізу жолымен жүзеге асырылады.
6. Есептік тіркеу құжаттарды ұсынған күннен бастап 15 күннен асырылмаған мерзімде жүзеге асырылады.
7. Саны аз діни топтарды тіркеу журналына мәліметтерді енгізгеннен кейін тіркеу органы басшыға немесе саны аз діни топтардың уәкілетті тұлғасына 3-қосымшаға сәйкес есептік тіркеуге қойылғандығы туралы сәйкес анықтаманы береді.
8. Саны аз діни топтар өкілеттік органда есептік тіркеуден өз
қызметін іс жүзінде тоқтатқан жағдайда немесе діни бірлестік ретінде немесе есептік тіркеу филиалы және діни бірлестік өкілеттігігін мемлекеттік әділет органдарында тіркеуден өткеннен кейін алынады.
9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Сарбасов Алғиса Қазманұлына жүктелсін.
10. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік
күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С. Ыбыраев
Аудан әкімдігінің
2009 жылдың 17 шілдесіндегі
№ 180 қаулысына 1-қосымша
«Жамбыл ауданының ішкі істер бөлімі» ММ бастығына
___________________________
(А.Ж.Т.)
___________________________
(Діни топтың өкілі А.Ж.Т.)
Заңды тұлғалардың белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеуге қою туралы
ӨТІНІШ
( топ басшысының аты-жөні, тегі) ____________________________________________________________________
(діни топтың атауы, оның діни сенімі) ____________________________________________________________________
(кәмелеттік жастағы мүшелерінің саны)
________________________________________________________________________________ (діни топтардың орналасқан мекен-жайы және ғибадат құрылысы) ____________________________________________________________________
(өз қызметін жүзеге асыру шегіндегі аумақ) _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Қолы ________________________ Күні
Аудан әкімдігінің
2009 жылдың 17 шілдесіндегі
№ 180 қаулысына 2-қосымша
Заңды тұлға белгілері жоқ саны аз және діни топтарды тіркеу
ЖУРНАЛЫ
р/№ |
Тіркелген нөмірі және тіркеген күні |
Діни топтың атауы |
Діни топтың діни ұстанымы және діни орталыққа деген қызметінің мәні мен мақсаты |
Діни топтар |
Діни топ қызметінің ауданы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
кестенің жалғасы
Діни (ғибадат ету)құры |
Басшының немесе өкі |
Тіркеу туралы анықта |
Тіркеу туралы анықта |
Кәмелет |
Саны аз |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
Аудан әкімдігінің
2009 жылдың 17 шілдесіндегі
№ 180 қаулысына 3-қосымша
____________________________________________________________________
(Өтіншті тіркеуші мемлекеттік органның атауы және мекен-жайы)
Заңды тұлға белгілері жоқ саны аз және діни топтарды есептік тіркеуге қойылғандығы туралы
АНЫҚТАМА
№ ___
200___ жылы «____» _________________________ берілді.
Саны аз діни топтың атауы:
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Топты тіркеген органның
басшысы _________________ __________________ (қолы) (басшының А.Ж.Т.)