"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына, "Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, мүгедектерге және оларға теңестiрiлген тұлғаларға жеңiлдiктер және әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі 20-бабына, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихаттың 2008 жылдың 25 желтоқсандағы № 13/2 "2009 жылға арналған аудандық бюджет туралы" шешімі, жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың бір қатар категорияларына әлеуметтік көмек көрсетуге бюджеттен қаржының бөлінуіне байланысты, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оған теңестірілген тұлғаларды қосымша әлеуметтік қолдау мақсатымен аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымша іс-шара ретінде Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне әлеуметтік қорғау бойынша тіспротездеудің құны мөлшерінде әлеуметтік көмек ұсынылсын.
2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығына Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне тіспротездеуге әлеуметтік көмекті тағайындауды және төлеуді ұйымдастырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Аудан әкімі | С. Ыбыраев |