Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 88 Қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148Заңының 31-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7-бабының 5-тармағы 2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңының 31-бабының 1-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жұмыс орындарының жалпы санынан 3 пайыздық квотаны мүгедектер үшін қамтамасыз етпеген Қызылжар ауданының кәсіпорындары мен мекемелерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары
А. Т. Абдуллаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Аудан әкімі Қ. Пшенбаев