Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы аудандық мәслихаттың 2012.06.06 N 4-6 Шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексінің 3-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бап 1-тармақ 8) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Қоса берілген Мағжан Жұмабаев ауданының елді мекендерін көркейту және жасыл желекті екпелерді қорғау ережелері бекітілсін.
2. Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 16 қыркүйектегі № 23-4 «Мағжан Жұмабаев ауданының елді мекендерін көркейту ережелерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің Мемлекеттік тізілімінде 2005 жылғы 18 қазанда № 13-9-11 тіркелген, аудандық «Вести» газетінің 2006 жылғы 1 қаңтардағы № 52 санында жарияланған); 2006 жылғы 6 сәуірдегі № 29-3 «Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 16 қыркүйектегі № 23-4 «Мағжан Жұмабаев ауданының елді мекендерін көркейту ережелерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің Мемлекеттік тізілімінде 2006 жылғы 28 сәуірде № 13-9-30 тіркелген, аудандық «Вести» газетінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі № 36 санында жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім мемлекеттік тіркелген кезден күшіне енеді және бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Мәслихат хатшысы
Б.Жұмашев В. Гюнтнер
КЕЛІСІЛДІ:
Аудан әкімінің заңгерлік
мәселелер жөніндегі кеңесшісі Г. Алпысбаева
Бекітілген
аудандық мәслихаттың 2009 жылғы
29 шілдедегі № 17-4 шешімімен
Мағжан Жұмабаев ауданының елді мекендерін көркейту және жасыл желекті екпелерді қорғау ережелері 1. Жалпы ережелер
1. Осы ережелер Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 3, 300, 387-баптарына, Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 3-бабына, Қазақстан Республикасындағы "Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес әзірленді.
Ережелер абаттандыру, егістерді қорғау, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының елді мекендерінің инфрақұрылым объектілерін күтіп ұстау мен қорғау саласында жеке және заңды тұлғалардың қарым-қатынасын реттейді және жауапкершілігін анықтайды.
2. Осы ережелерде қолданылатын негізгі ұғымдар мен түсініктер
2. Елді мекенді абаттандыру – елді мекен аумағындағы адамдардың өмір тіршілігіне қолайлы, салауатты және ыңғайлы жағдай жасауға бағытталған элементтер мен жұмыстар кешені.
3. Аула ішілік аумақтар - шағын сәулет нысандарын, балалар, кір жаю, контейнер алаңшаларын, автокөлік аялдатуларын, сәндік құрылғылар орнату, үйге кіретін жолдар, аулаға енетін жолдар үшін пайдаланылатын жерлер.
4. Бөлінген аумақ - жер пайдаланушының (кәсіпорынға, мекемеге, жеке тұлғаға) иелігіне тапсырылған немесе Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған, уәкілетті органдардың құқықтық шешімдеріне сәйкес пайдалану үшін өзіне жататын объектілерді орналастыруға берілген жер учаскесі.
5. Іргелес жатқан аумақ - тікелей ғимараттар, орын-жайлар,қоршаулар, құрылыс алаңшаларының, сауда, жарнама объектілеріне және заңды немесе жеке тұлғалардың меншігінде, иелігінде, жалға алып пайдалануындағы басқа объектілер шекараларына (периметрі бойынша 5 метр шекарадағы) жанасып жатқан аумақ.
6. Жерді пайдаланушы - мақсаты мен меншік түріне қарамастан,(кәсіпорындар, ұйымдар, коммерциялық құрылымдар, кәсіпкерлер, жеке меншік секторындағы үй иелері, пәтер иелері кооперативтері) елді мекен шекарасында жер учаскелерін пайдаланушы заңды немесе жеке тұлға.
7. Жалпы пайдалану орындары - демалыс аймақтары (саябақтар,жағажайлар, тынымбақтар), көшелер, алаңдар, көлік аялдамалары.
8. Шағын сәулеттік нысандар - көлемі жағынан кішкене әсемдік, сондай-ақ іске жарамды сипаттағы объектілер:
сәндік құрылғылар - мүсіндер, бұрқақтар мен әсемдік су тоғандар, стеллалар, оймабедерлер, гүл құмыралары, ту салғыштар;
іске асыру сипатындағы құрылғылар - демалу орындары, павильондар, дүңгіршектер, сауда арбалары, телефон және сауда автоматтары, аттракциондар, орындықтар, қоршаулар, қоқыс қораптары, көшелер, үйлер мен жарнама тақтайшалары, пошта жәшіктері.
9. Ғимарат - көтергіш және қоршау құрылғыларынан тұратын, міндетті түрде жер үсті тұйық көлемін жасайтын, функционалдық қызметіне қарай, адамдардың тұруы немесе болуына, өндірістік істерді орындау үшін, сондай-ақ материалдың құндылықтарды орналастыру мен сақтауға арналып салынған жасанды құрылыс. Ғимараттың жер асты бөлігі болуы мүмкін.
10. Орын-жай - өндірістік үрдістерді орындауға, материалдың құндылықтарды орналастыру мен сақтауға немесе адамдар мен жүктердің уақытша тұруына (ауысуына), сондай-ақ құралдарды (құбырлар, сымдар) немесе коммуникацияларды орналастыруға арналған, көлемді, жазықты немесе тізбекті салынған жасанды құрылыс (жер үсті, су үсті және (немесе) жер асты, су асты). Құрылғы сондай-ақ көркем-эстетикалық, сәндік-қолданбалы немесе мемориалдық болуы мүмкін.
11. Өту жолдары, өтетін жер - тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және басқа да аудандар, елді мекендердің құрылыс объектілеріне көлік құралдарының кіруін қамтамасыз етуші жол элементі.
12. Жаяужолдар - жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жолға жалғасып жатқан немесе одан гүл кестемен бөлініп жатқан жолдың бөлшегі.
13. Жолдарды күтіп ұстау - нәтижесінде талапқа сай келетін, жол мен жол құрылғыларының көліктік-пайдалану жағдайы сақталатын, жұмыстар жиынтығы.
14. Аумақты тазарту - аумақты жинау, тұрмыстық қалдықтарды,қоқыстарды, қарды, мұздықтарды жинау, шығару және кәдеге жарату (зарарсыздандыру).
15. Өндірістік және тұтыну қалдықтары (одан әрі - қалдықтар) - өндіру және тұтыну кезінде пайда болған шикізат, материалдар, жартылай өңделген өнімдердің, басқа да бұйымдар мен тағамдардыңқалдықтары, сондай-ақ өздерінің тұтыну қасиеттерін жоғалтқан тауарлар (өнімдер).
16. Қатты тұрмыстық қалдықтар - тұтынудың ұсақ тұрмыстық қалдықтары.
17. Ірі көлемді қоқыс - өзінің тұтыну қасиеттерін жоғалтқантұтыну және шаруашылық қызметінің қалдықтары (тұрмыстық техника,жиһаз).
18. Жөн-жосықсыз төгілетін қоқыстар үйінділері - заңды және жеке тұлғалардың жұмысы кезінде пайда болған қатты тұрмыстық қалдықтар, ірі көлемді қоқыс, өндіріс және құрылыс қалдықтары, басқа қоқыстар, қар, мұздарды өз еркімен (жөн-жосықсыз) төгу (орналастыру) немесе үю.
19. Қатты тұрмыстық қалдықтарды, ірі көлемді қоқысты жинау және шығару - қатты тұрмыстық қалдықтарды контейнерлерден арнайыавтокөліктерге арту, контейнер алаңшаларын және оларға кіретін жолдарды шашылған қоқыстардан тазарту және оларды қоқыс жинау орнынан кәдеге жарату орнына тасымалдау.
20. Уәкілетті орган - тұрғын-коммуналдық шаруашылық оның жолаушылар транспортының және автокөліктік жолдарының саласында құзыры Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігімен анықталған Мемлекеттік мекеме.
3. Елді мекен аумағын тазарту
21. Жалпы пайдаланылатын орындарды тазарту мен күту жұмыстары мына жұмыс түрлерін енгізеді:
1) ұсақ және тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды жинау мен шығару;
2) ірі көлемді қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;
3) сыпыру, жазғы мерзімде су құю және жуу;
4) қамыстар мен басқа жабайы өскен өсімдіктерді шабу және шығару;
5) қоршаулар мен шағын сәулет нысандарын жөндеу және сырлау;
6) қысқы мерзімде жол жүру бөлігін механикалық жинау;
7) механикалық жинау кезінде қарды арту және шетке шығару;
8) қарлы үйінділерді күтіп ұстау.
22.Жалпы пайдаланылатын орындар Қазақстан Республикасыныңзаңнамалық актілерімен белгіленген талаптарына, нормативті-құқықтық актілер және осы Ережелерге сәйкес ұсталынуы тиіс.
3.1. Көшенің өту жолдарын тазарту
23. Көшелердің өту жерлерін барлық ені бойынша тазарту жәнеұстау алаңдардың, жолдардың және елді мекен көше желілерінің, жол желілерін күту мен тазалау жұмыстарын осы жұмыстарды жүргізуге мемлекеттік сатып алу жасау шарты негізінде мердігер-кәсіпорындаржүргізеді.
24. Жол төсемдерін үзіліссіз қоқыстан, батпақтан, қардан, технологиялық тазарту жұмыстарын қамтамасыз ету үшін халықтық жаппай баратын объектілеріне жақын орналасқан магистральды елді мекенкөшелерінің бойына күнделікті сағат 23.00-ден 7.00-ге дейін автокөлік құралдарын қоюға жіберілмейді;
тыйым қажетті жол белгілерін қоюмен белгіленеді.
25. Өту жолының, көшелердің және кіру жолдарының жол төсемдерін, осьтік жолақтарын, жиектемелерін сыпыру жұмыстары, алдын ала суланғаннан кейін, жоспарлы-жүйелі жүйеге сәйкес жүргізіледі.
26. Жолдың жүру жағы қандай да болмасын ластан толығымен тазартылуы тиіс. Өту жолдарының қозғалыс сызығымен белгіленген, осьтік жолақтары тұрақты түрде құм мен әртүрлі ұсақ қоқыстардан тазартылуы қажет.
27. Жолдардың жиектері өсімдіктен, ірі көлемді және басқа қоқыстардан тазартылуы қажет. Жұмыстарды жүргізу кезінде қоқысты көшенің және өту жолдарының жағына шығаруға болмайды.
3.2. Жаяужолдарды, аялдама және отырғызу алаңдарын тазарту
28. Көше мен өту жолдары бойымен орналасқан немесе жол жағынан гүл кестемен бөлінген және тұрғын жай ғимараттарының кіре берісінен, мекемелерден, кәсіпорындардан, сауда және қызмет көрсету объектілерінен іргелес жатқан қоршауына тікелей шығу жолы жоқ жаяужолдарды тазарту жұмыстары абаттандыру бойынша байқауда жеңіп алған кәсіпорынмен жүргізіледі.
29. Көпірлердегі, жол желілеріндегі жаяужолдарды, сондай-ақ инженерлік құрылғыларға және баспалдаққа шығатын жерлерге жалғасқан техникалық жаяужолдарды тазарту, осы инженерлік құрылғылардың иесі болып табылатын кәсіпорындармен жүргізіледі.
30. Көшенің жол жағынан гүл кестемен бөлінген жаяужолдар жәнетұрғын жай ғимараттарының кіре берісінен, аула аумақтарынан, мекемелерден, кәсіпорындардан, сауда және қызмет көрсету объектілерінен шығатын жерлердің жол жағын тазарту мен күту жұмыстары кесіп берілген жермен сәйкес орындалады.
31. Жаяужолдар толығымен топырақ-құмнан, әртүрлі қоқыстан тазартылуы қажет.
32. Жолаушылар көлігінің аялдама алаңдарын тазалау жұмыстарын елді мекеннің санитарлық жинауын жүзеге асыратын кәсіпорындаратқарады. Отырғызу алаңшаларын тазарту жөніндегі жұмыстардың шекарасы сызба карталарда көрсетіледі. Отырғызу алаңдары толығымен топырақ-құмнан, әртүрлі қоқыстан тазартылуы қажет.
3.3. Қысқы кезде елді мекендердің аумағын тазарту ерекшеліктері
33. Елді мекен көшелерінің өту жолдары мен кіру жолдарын қыста тазарту жұмыстары, осы Ережелердің талаптарына сәйкес жүргізіледі.
34. Саябақтардағы, орман саябақтарындағы, бақтардағы, саяжолдардағы және басқа көгалды аймақтардағы жолдарды тазарту кезінде, осы мақсаттарға бұрын дайындалған алаңшаларға, жасыл отырғызғылардың сақталуы мен еріген сулардың ағуын қамтамасыз еткенжағдайда, құрамында химиялық қоспалары жоқ қарларды үюге рұқсат етіледі.
35. Қысқы кезеңде жолдар, бақ орындықтары, қоқыс салатын қораптар мен басқа да элементтер мен кіші сәулеттік формалар, сондай-ақ олардың алдындағы және бүйірлеріндегі жерлер, оларға баратын жолдар қар мен мұздықтардан тазартылуы керек.
36. Жаяужолдар мен жолдың жүру жағындағы көшелердегі инженерлік желілерде болған апаттан пайда болған мұзшықтар жарылады және осы су басуға себепші болған ұйымдармен шығарылады. Жарылған мұзшықтар белгіленген орындарға (қар үйінділеріне) шығарылады.
37. Қар үйінділерін жасауға болмайтын жерлер:
бір деңгейде барлық жолдар мен көшелердің және кіру жолдарының қиылыстарында және темір жолға жағын жолдарда;
көліктік қоршаулармен жабдықталған немесе көтеріңкі жиектемелері бар жол учаскелерінде;
жаяужолдарда.
38. Жаяужолдар мен гүл кестелерге қар шығаруға рұқсат етілмейді.
39. Қар шығарудың технологиясы екі кезеңнен тұрады:
бірінші кезекте қарды шығару (таңдап) жұмыстары орындалатын жерлер: қалалық жолаушыларды тасымалдау көлігі аялдамаларынан, жер үсті жаяу жүргіншілер өтпелерінен, көпірлерден және жол желілерінен, халықтық жаппай баратын орындарынан (ірі сауда кәсіпорындардан, базарлардан, қонақ үйлерінен, сапаржайлардан), ауруханаларға кіретін жолдардан және басқа да әлеуметтік маңызы бар объектілерден;
соңғы қар шығару (жаппай) жұмыстары бірінші кезектегі қар шығару жұмыстарынан кейін, уәкілетті органмен қойылған кезекке сәйкес орындалады.
40. Көшелер мен жолдардағы қарды шығару жұмыстары арнайы кесіп берілген, дайындалған алаңшаларға (қарлы үйінділерге)жүргізілуі тиіс. Белгіленген тәртіпте көрсетілмеген жерлерге қар шығаруға жол берілмейді.
41. Қарды уақытша шығаруға берілген орындар, қар ерігеннен кейін қарлы үйінділерді күтіп-ұстайтын мердігерлік-ұйымымен қоқыстардан тазартылып, көркейтілуі тиіс.
42. Жаяужолдар мен көпірге шығатын жерлердегі баспалдақтарды тазарту жұмыстарына мынадай талаптар қойылады:
1) жаяужолдар мен көпір құрылғыларына шығатын жерлердегі баспалдақтар жаңа жауған қар мен тапталған қар басып кеткенге (қар-мұздықтарының пайда болуы) дейін барлық еніне дейін тазартылуы қажет;
2) тоқтаусыз қар жауған кезде жаяужолдар мен көпір құрылғыларына шығатын жерлердегі баспалдақтар тайғаққа қарсы материалдармен өңделіп және жаяу жүргіншілер жүруі үшін тазартылуы керек;
3) тайғақ болатыны немесе болу мүмкіндігі жөнінде хабарландырылған жағдайда, бірінші кезекте баспалдақтар, содан кейін жаяужолдар тайғаққа қарсы материалдармен өңделуі керек.
43. Жаяужолдар, кіру жолдары қар мен мұздақтан асфальтқа дейін тазартылуы тиіс, қар мен жарықшақ қар үйетін жерге шығарылуы тиіс. Мұздақ пайда болған жағдайда (тайғақ) ұсақ құм себу жүргізіледі.
44. Аула аумақтары мен ішкі орамдардан тазартылған қарды автокөліктің қозғалысына және жаяулардың жүруіне кедергі келтірмейтін орындарға үюге рұқсат беріледі.
45. Аула ішінде қарды үйген кезде, жылғалардың ағып кету жағын қарастыру керек.
46. Жаяу жүргіншілер жағындағы ғимараттың шатырын тазарту жұмыстары жедел түрде, қажеттілік пайда болған кезде, қатерлі учаскені қоршау арқылы жүргізілуі керек.
47. Ғимараттың көше жағына қараған шатырларынан қар мен мұздақтарды тазарту жұмыстары, жаяужолдарға түсіру, тек күндізгі уақытта жүргізілуі мүмкін. Қарды басқа сырғанау жағынан, сондай-ақ жазық шатырлардан түсіру аула аумақтарына жүргізілуі керек. Қарды түсірер алдында жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын жасау қажет. Шатырлардан түскен қарлар, сүңгі мұздар жедел түрде жол жағына қарай жиналады және одан әрі көшенің жолын тазартушы ұйыммен шығарылуы үшін орналастырылады.
48. Сарқынды су құбырларының аузына қар, мұз және қоқыстарды тастауға жол берілмейді.
4. Тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету
49. Елді мекен аумағында тұрмыстық және құрылыс қоқыстарын, өндірістік қалдықтарды, жәшіктерді, ағаш үгінділерін, жапырақтарды, қарды қала аумағына шығаруға жол берілмейді.
50. Кәсіпорындардың және жеке меншік үй иелерінің ішкі аумақтарын қоса алғанда, қоқыстарды, жапырақтарды, жәшіктерді, өндірістік қалдықтарды жағуға, алау жағуға жол берілмейді.
51. Тоғандарға және сайларға өндіріс кәсіпорындарының тазартылмаған суларын және жеке сектордың төгілетін суларын ағызуға жол берілмейді.
52. Көлік құралдарын тұрғын-жай орамдары ішінде және жалпы пайдаланылатын жерлерде, су жібергіш құдықтар, тоғандар, адамдардың демалу орындары, тұрғын үй алдында жууға, тазартуға және жөндеуге жол берілмейді.
53. Жолдарды ластауға жол бермейтін, брезентпен немесе басқа материалдармен жабусыз топырақтарды, қоқыстарды, төгілмелі құрылыс материалдарын, жеңіл жәшіктерді, жапырақтарды, ағаш үгінділерін тасымалдауға жол берілмейді, сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына қоқыстарды апаратын арнайы автокөліктерге ашық люкпен жол жүруге жол берілмейді
54. Әр түрлі маңызы бар объектілерді гүл кестелерге, гүлзарларға, жаяужолдарға, балалар алаңшаларына, ғимараттардың арқаларына орналастыруға жол берілмейді.
55. Жергілікті атқарушы органдары белгілеген жерлерден тыс жерлерде хабарландыруларды, жарқағаздарды, баспа үгіт материалдарын, хабарламаларды және басқа да көзбен шолатын ақпараттардың нысандарын орналастыруға, жапсыруға жол берілмейді.
56. Баспа үгіт материалдарын шашып тастауға жол берілмейді.
5. Елді мекен аумақтарындағы қалдықтарды жинау, уақытша сақтау, шығару және іске жарату
57. Үй-жайлардың аумағына контейнер орнату үшін, көлік өтуге ыңғайлы жолдары бар, арнайы алаңшалар бөлінуі қажет. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін металдан жасалған контейнерлерді қолдану керек.
58. Қатты тұрмыстық қалдықтар қоқыс шығарушы көліктермен жүргізіледі, сұйық қалдықтар кәрізсіз үй-жайлардан бөшкелері бар сорғы көліктермен шығарылады.
59. Контейнерлік алаңшалары бар аумақтарда мына талаптар орындалуы тиіс:
1) контейнерлік алаңшалар, кіре берістері мен оларға өтетін жолдардың қатты төсемдері болуы тиіс;
2) контейнерлік алаңшалар іргелес жатқан аумақтарға қоқыстарды шығармау үшін жаппай қоршалуы тиіс;
3) контейнер алаңшалары мен оған іргелес жатқан аумақты тиісті санитарлық ұсталуын қамтамасыз етуге;
4) контейнерлердегі тұрмыстық қалдықтарды жағуға жол бермеуге;
5) жылдың қысқы мерзімінде контейнерлік алаңшаға арнайыландырылған автокөліктің жұмысына және халықтық пайдалануына қолайлы жағдай туғызу мақсатында кіреберістері мен оларға өтетін жолдардың қар мен мұздан тазартылуын қамтамасыз етуі керек.
6) Қатты тұрмыстық қалдықтар контейнерлерін фракциялары бойынша орналастыру:
азық-түлік қаңылтырлардың бұйымын, шыны бөтелкелерді (тығынсыз), пластикалық бөтелкелерді және қораптарды (майыстырып), бір реттік ыдыс-аяқты және полиэтилендік пәкеттер мен қораптарды (ыдысты алдын ала сұйықтан босату);
барлық түріндегі орауыш картондарды, қағаздарды бөлінген түрінде;
шіріктерді және сұйықтарды құруына жататын азық-түлік қалдықтарын, желе және қамыр қалдықтарын герметикалық қорапқа, полиэтилендік пәкеттерге салу және қалдық қоқыспен орналастыру;
ірі картонды бактардың қасына бөлек түйінге жинауға.
60. Контейнерлер орнату үшін алаңшалар тұрғын-жай және қоғамдық ғимараттардан, спорт алаңшаларынан және халықтық дем алатын орындарынан кем дегенде 25 метрдей және 100 метрден аспайтын қашықтықта болуы керек.
61. Контейнерлерден қоқыс шығарушыларға арту кезінде түсіп қалған қоқыстарды жинау жұмыстары қатты тұрмыстық қалдықтарды, ірі көлемді қоқысты шығаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметкерлері.
62. Сапаржайларда, базарларда, әуежайда, саябақтарда, демалыс аймақтарында, алаңдарда, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде және көпшілік баратын жерлерде, көшелерде, қоғамдық жолаушылар көлігі аялдамаларында, сауда объектілеріне кіре берістерде қоқыс салатын қораптар орнатылуы керек. Халық көп келетін орындарда қораптар бір бірінен 40 метрдей қашықтықта аулаларда, саябақтарда, алаңдарда және басқа аумақтарда 10-нан 100 метрге дейінгі арақашықтықта қораптар орнатылады. Қалалық жолаушылар көліктері аялдамаларында және сауда объектілеріне кіре берістерде екі қораптан орнатылады.
63. Қораптарды орнату мен тазалау жұмыстары мемлекеттік тапсырыс шартына сәйкес аумақты пайдаланушылармен және иелігінде немесе қолданылуында аумақтары бар шаруашылық жүргізу субъектілерімен мердігермен жүргізіледі.
64. Қораптарды жуу жұмыстары кірлеуіне қарай, аптасына бір рет орындалады.
6. Шағын сәулет нысандарын күтіп ұстау
65. Тұрғын-жай құрылысы аумақтары, қоғамдық аумақтар, саяжолдар, көшелер, желекжолдар, саябақтар, демалыс алаңдары шағын сәулеттік нысандармен: демалу орындарымен, көлеңкелейтін қалқалармен, гүлзарлармен, орындықтармен, қораптармен, бұрқақтармен, балалар ойнайтын, ересек адамдар демалатын құрылғылармен, қабырға газеттерімен, қоршаулармен, автокөлік күту үшін павильондармен жабдықталады.
7. Тұрғын жай орамдарын абаттандыру
66. Орамдардың тұрғын жай аймақтары: қоқыс контейнерлерін қоятын, кір кептіретін, демалатын, балалардың ойнайтын, спортпен айналысатын, үй жануарларын қыдыртатын, автотұрақ, аялдату, жасыл аймақ үшін алаңшалармен жабдықталады.
67. Алаңшалардың саны, орналасуы мен жабдықталуы құрылыс және санитарлық нормаларға сәйкес болуы тиіс.
68. Тұрғын жай орамдары аумақтарында, сондай-ақ кесіп берілген жер учаскелері шегінде аумағының аула маңы аумақтарында мына тәртіп сақталуға міндетті:
көтермелердің, жаяужолдардың, жүргіншілер жолының, орамішілік кіреберістері мен жолдарының төсемдерін қалыпты жағдайда ұстауға;
аулаларға өздігінен түрлі шаруашылық немесе қосалқы құрылыс (гараждар және басқа) салуға жол бермеуге;
аулаішілік аумақтарды құрылыс материалдарымен үйіп тастауға жол бермеуге;
өзінің балансындағы (шаруашылық жүргізуші немесе жедел басқару) инженерлік желілерді қалыпты жағдайда ұстауға, құдықтарды уақытында қарап, тазартуға;
шағын сәулет нысандарын, спорттың, ойын, балалар мен шаруашылық алаңшаларының жабдықтарын, қоршаулар мен қашаларын қалыпты жағдайда ұстауға, олардың сыртқы түрінің ұқыптылығын сақтауға.
69. Үй алдындағы аумақта жол берілмейді:
аумақты тазарту немесе апатты жағдайларды жою жұмыстарынан басқа, сағат 23.00-ден сағат 6.00-ге дейін, тыныштық пен тәртіпті бұзатын жұмыстарды жүргізуге;
аулаішілік және ішкіорам аумағындағы жасыл аймаққа, балалар алаңшасына, жүргіншілер жолына қызметтік және жеке меншік автокөлікпен кіруге, қоюға;
көлік құралдарын қоюға және (немесе) аялдатуға арнайы бөлінбеген және белгілермен белгіленбеген орындарға қоюға.
8. Апатты жұмыстарды жүргізу
70. Пайдалану кезінде немесе жерасты және жерүсті коммуникацияларында құрылыс жұмыстарын жүргізген кезде пайда болатын апаттар, олардың дұрыс жұмыс жасауына немесе азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп тудыруға әкеліп соғатын, су объектілерінің ластануы төтенше жағдай болып табылады және олардың қалыпты жұмысын аз мерзімде орындау шараларын талап етеді.
71. Апаттық бригаданы апат орнына жіберумен қатар пайдаланушы ұйым апаттың сипаты мен орны жайында осы апат ауданында жерасты және жерүсті құрылғылары бар ұйымдарға және басқа да мүдделі қызметтерге хабарлайды.
72. Аймағында коммуникациялары бар заңды және жеке тұлғалар, хабарды алғаннан кейін апат орнына өздерінің орындалған сызбаларымен бірге уәкілдерін міндетті түрдн жіберулері керек, ол осы жердегі орналасқан мекемеге қарасты құрылғылар мен коммуникацияларды көрсетуі керек.
73. Егер апатты жою жұмыстары жолдың толық және жартылай жабылуын қажет етсе, жолдың уақытша жабылуы туралы, көліктің айналып жүру бағыты және зақымдалған желілердің қожайындарымен бірге зақымның жою мерзімін бекіту жөнінде жедел шешім қабылданады.
74. Апат жұмыстары жүргізілетін орын қалғандармен немесе белгіленген үлгідегі апаттың жарық құрылғысы және үлкен қызыл түсті шамдары бар қорғандармен қоршалады. Көшенің жол жағына қажетті жол белгілері орнатылады. Жұмыстардың толық аяқталғанына дейін, апатты жою жұмыстарын жауап беруші тұлғалар апаттың жарықтандыру, қоршау (қалқан) орнату, жол белгілерінің қойылу жұмыстарына жауапты.
75. Апаттың салдарын жою және аумақтық абаттандырылуын қалпына келтіру үшін, апат болған күннен бір тәуліктен асырмай, жер жұмыстарын жүргізуге рұқсат алуы қажет. көрсетілген мерзімге дейін жер жұмыстарын жүргізуге рұқсат қағазын жасамаған жағдайда қазу жұмыстары жөн-жосықсыз болып саналады және кәсіпорын қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
76. Бұзылған жол төсемдері мен басқа да абаттандыру элементтерін қалпына келтіру жұмыстары осы кәсіпорынмен апатты жұмыстар аяқталғаннан кейін тез арада жасалады. Апатты жұмыстардан кейін жаңартылған асфальтобетон жабуының сапа кепілдігінің мерзімі 2 жылдан кем емес.
77. Жоспарлы жұмыстарды апатты деген желеумен жүргізуге жол берілмейді.
9. Жасыл өсімдіктерді қорғау және күзету
78. Жасыл өсімдіктер жалпы ұлттық игілік, маңызды емдеу факторы және елді мекен әшекейі болып табылады. Олардың қорғау мен күтіп ұстау - әр заңды және жеке тұлғалардың міндеті.
79. Жасыл өсімдіктердің ағымдағы күтіп ұстауы, сақталынуы мен жаңартуы аумақ тиесілі заңды және жеке тұлғаларға, иелеріне және жер пайдаланушыларға жүктелінеді:
1) тұрғын шағын аудандарда, тұрғын үйлер алдындағы көшелерде құрылыстардан бастап жаяужол сызығына дейін - пәтер иелерінің кооперативтері, тұрғын үй қорының иелері;
2) жалпы пайдалану объектілерінде (саябақтар, тынымбақтар, саяжолдар және т.б.) және жаяужол сызығына дейін көше бойынша – жергілікті бюджет есебінен шарттық негізінде жұмысты орындайтын кәсіпорындар;
3) өндірістік кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер және меншіктің түрлі нысанадағы басқа да объектілер аумағында, сондай-ақ оларға тиесілі аумақта және санитарлық-қорғау аймағындағы - кәсіпорындардың бастықтары мен осы объектілердің иелері;
4) құрылысқа деп берілген аумақтарда, жұмысты бастаған күннен бастап - талап беруші немесе оның сенімхаты бойынша бас мердігер - құрылыс ұйымы.
80. Құрылыстың аясына түсіп жатқан жасыл өсімдіктерді алып тастау және қайта отырғызу, жер астындағы коммуникацияларды және инженерлік жүйелерді жіберу, жасыл өсімдіктерді кесу немесе жер астынан шабуға рұқсат болған кезде ғана жол беріледі.
81. Өндірістік жұмыс жүргізген кезде қажет:
1) жасыл өсімдіктерді бұзушылықтан қоршауға,
2) елді мекен жолдарын, жаяужолдарын, өту жолдарын, алаңшаларды салған кезде шұңқырдың диаметрі 1 метрден кем болмауы;
3) жасыл өсімдіктерге күтім көрсету, оның ішінде:
қоқыстарды жинау, көгалдарды тырнауышпен жинау, құрғақ жапырақтарды жинау,
арамшөптерді жұлу, гүл кеспелерді шабу, бұталарды қию;
ағаштардың шұңқырындағы жерді құралмен қопсыту, ағаштарды әктеу;
жасыл өсімдіктерге, гүл кеспелерге, гүлзарларға су құю;
ағаштардың жапырағын кесу, құрғақ бұтақтарды, сынық бұтақтарды кесу;
ағаштарды, бұтақтарды жаңарту (мамандардың консультациясы бойынша);
ауру және құрғақ ағаштарды алып тастау (комиссияның актісі бойынша);
ағаштарды және бұталарды осы күнгі жасыл қорда отырғызу;
жүйелі түрде ауылшаруашылық зиян келтірушілермен және аурулармен, карантиндік арамшөптермен өз күшімен немесе өсімдіктерді қорғау станцияларымен шарт бойынша күрес жүргізу.
Көгалдарда, саябақтарда және басқа да жасыл өсімдіктер бар жерлерде көліктік орындардың тұрағына жол берілмейді. Тұрғын құрылыс аумағында, саябақтарда және саяжолдарда жапырақтарды жағуға жол берілмейді.
82. Жасыл өсімдіктер аумағында мыналарға жол берілмейді:
1) құрылыс материалдарын, топырақты, ағашты, көмірді және басқа да заттарды жинауға;
2) гүл кеспелерді, гүлзарларды, шұңқырларды қоқыспен толтыруға;
3) гүл кепелер бойынша жүру, ағаштарды, бұтақтарды сындыру мен кесуге, басқа да механикалық бұзушылықтарды келтіруге;
4) ағаштарды және бұтақтарды өз еркімен кесуді жүзеге асыруға;
5) қоршауларды құру, гүлдерді жұлу, көп жылдық гүлдердің түйнектері мен сайнақтарын қазуға;
6) гүл кеспелер және гүлзарларға автомотокөлікті орналастыруға;
7) жарпырақтарды жағу, гүл кеспелерде көкөністерді өсіру, ағаштарға сымдарды, әткеншектерді, жіптерді, жарнамаларды және кестелерді орналастыру, бау-бақша, саябақ құралдарын бұзуға;
8) жалпы пайдаланылатын орындарда мал, құстарды бағуға, иттерді қыдыртуға;
9) гүл кеспелер және гүлзарларда бетон немесе цементті қоспаларды дайындауға.
10. Ережені бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігі
83. Осы Ережелерді бұзған кінәлі жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары мен Қазақстан Республикасындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады. Әкімшілік жауапкершіліктің шараларын қолдану бұзушының тигізген материалдық зияны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес міндетінен босатпайды. Әкімшілік жауапкершіліктің шараларын қолдану бұзушыларды тигізген материалдық зияны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес міндетінен босатпайды.