Аудан аумағында 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының азаматтарын жедел әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 5 мамырдағы N 189 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 8 мамырда N 13-11-149 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2012 жылғы 22 маусымдағы N 02.10-07-02-542 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2012.06.22 N 02.10-07-02-542 хаты)

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқар және өзін-өзі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына, «Әскери міндет пен әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 192044-баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының басқа әскерлері мен әскери құрылымдарға мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.
      2. Қосымшаға сәйкес аудандық шақыру комиссиясы бекітілсін.
      3. Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері (Рафальский А.П.) (келісім бойынша):
      шақыру комиссиясына жіберілген шақырушыларды медициналық тексеру үшін аудандық аурухананың терапевт және хирургия бөліміндерінде қажетті орындар санын қарастыру ұсынылсын;
      аудандық шақыру пунктіндегі медициналық комиссияны қажетті медициналық мүлікпен және керек-жарақтармен қамтамасыз етсін;
      аудандық шақыру пунктіндегі медициналық комиссияны тәжірибелі дәрігер-мамандармен және орта медициналық персоналмен жасақтасын;
      айнаға түсіру кабинетінің, анализ алу лабораториясының
тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етсін.
      4. Тайынша қаласы мен селолық округтардың әкімдері:
      шақырушылардың жиналуын қамтамасыз етсін және оларды шақыру учаскесіне жіберуді ұйымдастырсын;
      шығарып салуды, учаскеге келу жолындағы тәртіпті және ұйымдастырылушылықты, шақыру комиссиясынан уақытында өтуді және жедел әскери қызметке жіберуді қамтамасыз етсін;
      облыстық бақылау комиссиясына бару үшін шақырушылардың
көрсетілген санын сағат 7.00 де қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізуді қамтамасыз етсін.
      5. Тайынша қаласының әкімі (Трифонов Н.Н.) хабардар етуді ұйымдастыру және шақырылушылардың жеке істерін ресімдеу, медициналық комиссиядан және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне шақырылудан жалтарған шақырылушыларды іздеу үшін қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің қарамағына орташа еңбек ақыларын сақтай отырып, қажетті жұмысшылар санын, қызметкер бөлсін.
      6. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына (Байқадамов Х.Ф.) (келісім бойынша) қоғамдық тәртіпті сақтауды және шақырылушыларды шақыру комиссиясына шығарып салуды және комиссия жұмысы кезінде учаскелік инспекторлармен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Қ. Жаровқа жүктелсін.
      8. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                   А. Маковский

Аудан әкімдігінің 2009 жылғы
5 мамырдағы № 189 қаулысына
қосымша

Аудандық шақыру комиссиясының құрамы

Мұсақұлов
Ермұхаммед Оразбекұлы            комиссия төрағасы, Тайынша ауданы
                                 қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің
                                 бастығы (келісім бойынша)

Жаров
Ерлан Қайырұлы                   аудан әкімінің орынбасары,
                                 комиссияның төрағасының орынбасары

Коноплева
Лариса Викторовна                комиссия хатшысы, орталық аудандық
                                 аурухананың медбикесі
                                 (келісім бойынша)

Комиссия мүшелері:

Төлегенов
Бейбіт Хамитұлы                  аудандық ішкі істер бөлімі
                                 бастығының орынбасары
                                 (келісім бойынша)

Сүйіндікова
Түлен Көшкенқызы                 Тайынша аудандық аурухананың
                                 дәрігер-терапевті (келісім бойынша)

Об организации призыва граждан Республики Казахстан на срочную службу на территории района в апреле-июне и октябре-декабре 2009 года

Постановление акимата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 5 мая 2009 года N 189. Зарегистрировано Управлением юстиции Тайыншинского района Северо-Казахстанской области 8 мая 2009 года N 13-11-149. Утратило силу в связи с истечением срока действия (письмо маслихата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 22 июня 2012 года N 02.10-07-02-542)

      Сноска. Утратило силу в связи с истечением срока действия (письмо маслихата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 22.06.2012 N 02.10-07-02-542)

      В соответствии с подпунктом 8) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», статьями 19, 20, 44 Закона Республики Казахстан «О воинской обязанности и воинской службе» и на основании Указа Президента Республики Казахстан от 1 апреля 2009 года № 779 «Об увольнении в запас военнослужащих срочной воинской службы, выслуживших установленный срок воинской службы, и очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле– июне, октябре–декабре 2009 года» акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Организовать призыв на срочную воинскую службу в Вооруженные силы Республики Казахстан, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле–июне и октябре–декабре 2009 года граждан мужского пола в возрасте от восемнадцати до двадцати семи лет, не имеющих права на отсрочку или освобождение от призыва, а также граждан, отчисленных из учебных заведений, не достигших двадцати семи лет и не выслуживших установленные сроки воинской службы по призыву.
      2. Образовать районную призывную комиссию, согласно приложению.
      3. Рекомендовать главному врачу центральной районной больницы (Рафальский А.П.) (по согласованию):
      предусмотреть необходимое количество мест в терапевтическом и хирургическом отделениях районной больницы для медицинского обследования призывников, направленных призывной комиссией.
      обеспечить медицинскую комиссию на районном призывном пункте необходимым медицинским имуществом и инвентарем;
      укомплектовать медицинскую комиссию опытными врачами – специалистами и средним медицинским персоналом;
      обеспечить бесперебойную работу рентгенологического кабинета, лаборатории проведения анализов.
      4. Акимам сельских округов и города Тайынша обеспечить:
      сбор призывников и организовать отправку их на призывной участок;
      сопровождение, порядок и организованность в пути следования, во время прохождения призывной комиссии и отправки на срочную воинскую службу;
      доставку в отдел по делам обороны к 7.00 часам указанного числа призывников для обследования на областную контрольную комиссию.
      5. Акиму города Тайынша (Трифонов Н.Н.) выделить в распоряжение отдела по делам обороны необходимое количество работников для организации оповещения и оформления личных дел призывников и дежурный автомобиль, для розыска призывников, уклоняющихся от прохождения медицинской комиссии и призыва в Вооруженные Силы Республики Казахстан.
      6. Рекомендовать начальнику районного отдела внутренних дел (Байкадамов Х.Ф.) (по согласованию) обеспечить соблюдение общественного порядка и сопровождение призывников во время следования на призывную комиссию и в период проведения комиссии участковыми инспекторами полиции.
      7. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Жарова Е.К.
      8. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким района                                А. Маковский

Приложение
к постановлению акимата района
от 5 мая 2009 года № 189

Состав районной призывной комиссии

Мусакулов
Эрмухаммад Уразбекович           председатель комиссии, начальник
                                 отдела по делам обороны
                                 Тайыншинского района
                                 (по согласованию)

Жаров
Ерлан Каирович                   заместитель председателя комиссии,
                                 заместитель акима района

Коноплева
Лариса Викторовна                секретарь комиссии, медицинская
                                 сестра центральной районной больницы
                                 (по согласованию)

Члены комиссии:

Тулегенов
Бейбит Хамитович                 заместитель начальника районного
                                 отдела внутренних дел
                                 (по согласованию)

Суюндыкова
Тулен Кушкеновна                 врач-терапевт центральной районной
                                 больницы (по согласованию)