Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2012.06.22 N 02.10-07-02-542 хаты)
«Агроөнеркәсіптік кешен мен селолық аумақтардың дамуын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 87 қаулысымен бекітілген 2009 жылғы көктемгі егістік және күзгі жиын-терім жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауарлы-материалдық құндылықтардың бағасын арзандатуға ауылшаруашылық тауарөндірушілеріне субсидия төлеу Ережелерінің 12 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ғылыми-өндірістік орталығының ұсынымы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тайынша ауданы бойынша 2009 жылғы субсидияланатын приоритеттік ауылшаруашылық дәнді-дақылдардың түрлері бойынша көктемгі егістік жұмыстарын жүргізудің оңтайлы мерзімі келесі тәртіпте белгіленсін:
1) жаздық бидай – 15 мамырдан 30 мамыр аралығында;
2) (орташа кеш сұрыпты) арпа – 25 мамардан 30 мамыр аралығында;
3) (орташа пісетін сұрыпты) арпа – 30 мамардан 5 маусым
аралығында;
4) (орташа кеш сұрыпты) сұлы – 25 мамардан 30 мамыр аралығында;
5) (орташа пісетін сұрыпты) сұлы – 27 мамырдан 30 мамыр
аралығында;
6) асбұршақ – 25 мамырдан 30 мамыр аралығында;
7) қарақұмық – 20 мамырдан 25 мамыр аралығында;
8) тары – 28 мамырдан 5 маусым аралығында;
9) рапс – 6 мамырдан 20 мамыр аралығында;
10) зығыр, қыша – 15 мамырдан 20 мамыр аралығында;
11) майлы дақылдар тұқымына күнбағыс – 10 мамырдан 18 мамыр аралығында;
12) біржылдық шөптер – 1 маусымнан 10 маусым аралығында;
13) картоп – 15 мамырдан 20 мамыр аралығында;
14) көкөністер – 27 сәуірден 11 маусым аралығында;
15) сүрлемге жүгері – 17 мамырдан 25 мамыр аралығында.
2. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Маковский