Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 09.01.2013 N 8 қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына сәйкес және жылу энергиясын тұтыну нормасын анықтау үшін ұсынылған есептеулер негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жылу энергиясын тұтыну нормасын бекіту туралы» Тайынша ауданы әкімдігінің 2009 жыл 5 тамыздағы № 295 қаулысына (мемлекеттік тіркеу реестрінде 2009 жыл 4 қыркүйекте № 13-11-154 тіркелді, 2009 жылдың 18 қыркүйегіндегі «Тайынша таңы» газетінде, 2009 жылдың 18 қыркүйегіндегі «Тайыншинские вести» газетінде жарияланды) келесі толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген қаулы 2 тармақпен келесі мазмұнда толықтырылсын: «Теплоком-норд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылытатын Тайынша қаласының тұрғын үйлер үшін жалпы алаңының бір шаршы метрге жылу энергиясын тұтыну мөлшері айына, жылыту мезгіліне 0,0388 гекоколори/м2 көлемінде бекітілсін».
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Маковский