Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2011.10.14 N 257 Қаулысымен
2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабындағы 1-тармақ 8) тармақшасына, 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» (одан әрі-Заң) Заңының 17, 18-баптарына сәйкес, әскерге дейінгі шақырылатындарды әскери есебіне алу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Тимирязев ауданы аймағында тұратын 1992 жылы туған ер азаматтарды және бұрын тіркеуден өтпеген ересек жастағы азаматтарды 2009 жылдың қаңтар-наурызында шақыру учаскесінде әскери есепке тіркелуі өткізілсін.
2. Селолық округ әкімдері:
1) қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің сұранысына сәйкес, шақыру учаскеде тіркеуге жататын жасөспірімдердің тізімдері аудан қорғаныс істері жөніндегі бөлімге берілсін;
2) тіркеу өткізу үшін шақыру учаскеге азаматтардың дер кезінде келуі туралы оларға хабар жеткізілсін.
3. 2009 жылдың қаңтар-наурызында азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеу өткізілу кезеңге тіркеу өткізу жөнінде аудандық комиссия келесі құрамында құрылсын:
комиссия төрағасы - Константинов Александр Николаевич аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы (келісу бойынша)
комиссия төрағасының орынбасары - Шаяхметова Алма Ахметбекқызы аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы;
комиссия мүшелері:
Рамазанов Марат Қойшыбайұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісу бойынша);
Мұстафина Айман Қажытайқызы - медицина қызметкерлері құрамының жұмысын басқаратын аудандық емхана дәрігері - медициналық комиссия төрағасы (келісу бойынша);
Қалкенова Сара Шабданқызы - аудан емханасы психиатриялық кабинетінің мейірбикесі -комиссия хатшысы (келісу бойынша).
4. Аудандық емхананың бас дәрігері Сәбира Науқанқызы Даироваға (келісу бойынша):
1) қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының мәлімдемесі бойынша тіркеуге жататын азаматтарды дәрігерлік куәландіру үшін дәрігерлер мамандарды атап берсін;
2) дәрігерлік комиссияны қажетті медициналық-санитарлық жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етсін
3) әскер қатарына шақырылғандардың дәрігерлік куәландыру бойынша тәжірибесі бар үш мейірбике бөлінсін.
5. Ауданның экономика және бюджетті жоспарлау бөліміне шақыру учаскесіне әскери есепке тіркелуді өткізу үшін ақшалай қаражат бөлуді уақытында өндірсін.
6. Селолық округ әкімдеріне осы жұмысқа жауапты адаммен алыс жерде тұратын әскер қатарына шақырылғандарды тұратын орынынан шақыру учаскесіне дейін және қайта тұратын жеріне дейін жеткізуді қамтамасыз етсін.
7. «Тимирязев ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі тіркеу өткізу уақытына әскер қатарына шақырылғандарға техникалық жұмыстарды өткізу үшін құжаттарды ресімдеу екі адам санында техникалық қызметкерлермен еңбектік шарттарды бекітсін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысына сәйкес еңбекақы төленсін.
8.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. В. Ганжаға, Тимирязев ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы А. Н. Константиновқа жүктелсін.
9. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б. Жұмабеков