Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 22.12.2016 № 392 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Белгіленсін:
1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Шар өзенінің және "Шығыссушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Центральный" магистральдық каналының бас жағының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Шар өзенінің және "Шығыссушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Центральный" магистральдық каналының бас жағының су қорғау аймағының аумағын шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі мен су қорғау белдеуінің аумағында шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу режимі.
2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (В.Е.Чернецкий) "Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Шар өзенінің және "Шығыссушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Центральный" магистральдық каналының бас жағының су қорғау аймағы мен белдеуінің шекаралары" жобасын заңнамамен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Жарма ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу үшін және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін, арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға тапсырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Г.В. Пинчукке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. САПАРБАЕВ |
Келісілді: | |
Су ресурстарын пайдалануды | |
реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс | |
бассейндік инспекциясының бастығы | К. Көбегенов |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау | |
министрлігі Мемлекеттік санитарлық- | |
эпидемиологиялық қадағалау комитетінің | |
Шығыс Қазақстан облысы бойынша | |
департаментінің директоры | Т. Ерубаев |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 78 қаулысына қосымша |
Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Шар өзенінің және "Шығыссушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Центральный" магистральдық каналының бас жағының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі
№ р/с | Су объектісі, оның учаскесі | Су қорғау аймағы | Су қорғау белдеуі | ||||
Шекара- сының ұзындығы, (шақырым) | Алаңы, (га) | Орташа ені (метр) | Шекарасы ның ұзындығы, (шақырым) | Алаңы (га) | Орташа ені (метр) | ||
1. | Тұстармен шектелген аумақтар: бас су тоғаны бөгетінен 180 метрге жоғары Шар өзенінің оң жағалауы мен бас су тоғаны бөгетінен 240 метрге төмен "Центральный" магистральдық каналының оң жағалауы | 0,30 | 4,48 | 500 | 0,30 | 3,76 | 100 |
Ескертпе: су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені "Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Шар өзенінің және "Шығыссушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Центральный" магистральдық каналының бас жағының су қорғау аймағы мен белдеуінің шекаралары" бекітілген жобасының картографиялық материалдарында көрсетілген.
Шығыс Қазақстан облысы табиғи | |
ресурстар және табиғат пайдалануды | |
реттеу басқармасының бастығы | В. Чернецкий |