Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 22.12.2016 № 392 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Белгіленсін:
1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданындағы "Тау Тур" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аңшылық базасының учаскесіндегі Уба өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданындағы "Тау Тур" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аңшылық базасының учаскесіндегі Уба өзенінің су қорғау аймағының аумағын шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі мен су қорғау белдеуінің аумағында шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу режимі.
2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (В.Е.Чернецкий) "Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданындағы "Тау Тур" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аңшылық базасының учаскесіндегі Уба өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін белгілеу" жобасын заңнамамен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Шемонаиха ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу үшін және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін, арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға тапсырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Г.В. Пинчукке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. Сапарбаев |
Келісілді: | |
Су ресурстарын пайдалануды | |
реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс | |
бассейндік инспекциясының бастығы | К. Көбегенов |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау | |
министрлігі Мемлекеттік санитарлық- | |
эпидемиологиялық қадағалау комитетінің | |
Шығыс Қазақстан облысы бойынша | |
департаментінің директоры | Т. Ерубаев |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 79 қаулысына қосымша |
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданындағы "Тау Тур" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аңшылық базасының учаскесіндегі Уба өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі
№ р/с | Су объектісі, оның учаскесі | Су қорғау аймағы | Су қорғау белдеуі | ||||
Шекара- сының ұзын- дығы, (шақырым) | Алаңы, (га) | Орта- ша ені(метр) | Шекара- сының ұзын- дығы, (шақырым) | Алаңы, (га) | Орташа ені (метр) | ||
1. | Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданындағы "Тау Тур" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аңшылық базасының учаскесіндегі Уба өзені | 0,5 | 26,5 | 575 | 0,625 | 8,125 | 130 |
2. | Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданындағы "Тау Тур" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аңшылық базасының учаскесіндегі Уба өзенінің саласы Волчиха өзені | 0,5 | 26,5 | 575 | 0,625 | 1,25 | 20 |
Ескертпе: су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені "Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданындағы "Тау Тур" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аңшылық базасының учаскесіндегі Уба өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін белгілеу" бекітілген жобасының картографиялық материалдарында көрсетілген.
Шығыс Қазақстан облысы табиғи | |
ресурстар және табиғат пайдалануды | |
реттеу басқармасының бастығы | В. Чернецкий |