Ескерту. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 02.04.2009 № 6 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына, Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 28 қаңтарындағы № 1 "Шығып кеткендердің орнына 2009 жылдың 29 наурыз күні мәслихат депутаттарын сайлауды тағайындау туралы" шешіміне сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өскемен қалалық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына № 6 сайлау округі бойынша үміткерлер үшін үгіт материалдарын орналастыру үшін орындар келесі мекенжайлар бойынша белгіленсін:
"Орталық" базарының маңында (Қабанбай батыр есіміндегі көшесі, 142);
"Занғар" және "Евразия" сауда үйлерінің маңында (Қабанбай батыр есіміндегі көшесі, 144);
"Березка" дүкенінің маңында (Қазақстан көшесі, 78);
"Орталық" дүкенінің маңында (Қазақстан көшесі, 70);
А.С. Пушкин есіміндегі кітапхана маңында (Қазақстан көшесі, 102);
"Волна" дүкенінің маңында (Буров көшесі, 5);
Өскемен вокзалының маңында (Мыза көшесі, 1).
2. Осы қаулы оның бірінші рет ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласының әкімі | Т. Қасымжанов |
Келісілді: | |
Өскемен қалалық аумақтық сайлау | |
комиссиясының төрағасы | А. Нұрғазиев |