2009 жылы көп балалы аналарға біржолғы материалдық көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 117 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық Әділет басқармасында 2009 жылғы 04 мамырда N 5-1-109 тіркелді. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Өскемен қаласы әкімінің аппаратының 2010 жылғы 10 қаңтардағы N Ин-5/16 хатымен

      Ескерту. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Өскемен қаласы әкімінің аппаратының 2010 жылғы 10 қаңтардағы N Ин-5/16 хатымен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына және Өскемен қалалық мәслихатының 2009 жылғы 18 ақпандағы № 13/4 «2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 11/4 «2009 жылға Өскемен қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгертулер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-1-102 нөмірімен тіркелген) шешіміне сәйкес Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған және 1, 2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналарға, сонымен қатар төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар аналарға 2009 жылы біржолғы материалдық көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулық бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.Ж. Жүніспековаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Өскемен қаласының әкімі                          И. Әбішев

Өскемен қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 14 сәуірдегі
№ 117 қаулысымен
бекітілген

2009 жылы «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған және 1, 2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналарға, сонымен қатар төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар аналарға біржолғы материалдық көмек көрсету жөніндегі
Нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған және 1, 2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналарға, сонымен қатар төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар аналарға 2009 жылы біржолғы материалдық көмек көрсету мәселесі бойынша (бұдан әрі – көп балалы аналар) халықты әлеуметтік қорғау саласында заңнаманы қолдануды нақтылайды.
      2. Көп балалы аналарға біржолғы материалдық көмек Өскемен қаласында тұрақты тұратын және мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Өскемен қалалық бөлімінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушы азаматтарға беріледі.

2. Көп балалы аналарға біржолғы материалдық
көмекті тағайындау

      3. Көп балалы аналарға біржолғы материалдық көмек «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – Бөлім) жылына бір рет, өтініш иесі келесі құжаттарды ұсынғанда тағайындалады:
      1) біржолғы материалдық көмек көрсету туралы өтініш;
      2) жеке басын растайтын құжат;
      3) салық төлеушінің тіркеу нөмірін;
      4) Өскемен қаласындағы тіркелімін растайтын құжат;
      5) көп балалы ана мәртебесін растайтын құжат;
      6) мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Өскемен қалалық бөлімінен арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатыны туралы анықтамалар.
      Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқалар және көшірмелер түрінде ұсынылады, одан кейін түпнұсқалар өтініш иесіне қайтарылады.
      4. Көп балалы аналарға берілетін біржолғы материалдық көмектің мөлшері 10000 теңгені құрайды.

3. Көп балалы аналарға біржолғы материалдық
көмек төлеу

      5. Көп балалы аналарға біржолғы материалдық көмек төлеу 451.007.000 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасы бойынша облыстық бюджет трансферттері есебінен жүргізіледі.
      6. Көп балалы аналарға біржолғы материалдық көмек өтініш иесі көрсеткен мекенжайға «Қазпочта» акционерлік қоғамының бөлімшелері арқылы жеткізіледі.

Об утверждении Инструкции по оказанию единовременной материальной помощи многодетным матерям в 2009 году

Постановление акимата города Усть-Каменогорска Восточно-Казахстанской области от 14 апреля 2009 года N 117. Зарегистрировано управлением юстиции города Усть-Каменогорск Департамента юстиции Восточно-Казахстанской области 04 мая 2009 года за N 5-1-109. Прекращено действие по истечении срока, на который постановление было принято, на основании письма аппарата акима города Усть-Каменогорска от 10 января 2010 года № Ин-5/16

      Сноска. Прекращено действие по истечении срока, на который постановление было принято, на основании письма аппарата акима города Усть-Каменогорска от 10.01.2010 № Ин-5/16.

       В соответствии с подпунктом 14) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» и  решением Усть-Каменогорского городского маслихата от 18 февраля 2009 года № 13/4 «О внесении изменений в решение от 25 декабря 2008 года № 11/4 «О бюджете города Усть-Каменогорска на 2009 год» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 5-1-102), акимат города Усть-Каменогорска ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемую Инструкцию по оказанию единовременной материальной помощи многодетным матерям, награжденным подвесками «Алтын алқа» и «Күміс алқа» или получившим ранее звание «Мать-героиня» и награжденным орденом «Материнская слава» 1, 2 степени, а также матерям, имеющим четверых и более совместно проживающих несовершеннолетних детей в 2009 году.
      2. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима города Жунуспекову С.Ж.
      3. Настоящее постановление вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Усть-Каменогорска   И. Абишев

Утверждена
постановлением акимата
города Усть-Каменогорска
от 14.04.2009 года № 117

Инструкция
по оказанию единовременной материальной помощи многодетным
матерям, награжденным подвесками «Алтын алқа» и «Күміс алқа»
или получившим ранее звание «Мать-героиня» и награжденным
орденом «Материнская слава» 1, 2 степени, а также матерям,
имеющим четверых и более совместно проживающих
несовершеннолетних детей в 2009 году

1. Общие положения

      1. Настоящая Инструкция детализирует применение законодательства в области социальной защиты населения по вопросам оказания единовременной материальной помощи многодетным матерям, награжденным подвесками «Алтын алқа» и «Күміс алқа» или получившим ранее звание «Мать-героиня» и награжденным орденом «Материнская слава» 1, 2 степени, а также матерям, имеющим четверых и более совместно проживающих несовершеннолетних детей (далее – многодетные матери) в 2009 году.
      2. Единовременная материальная помощь многодетным матерям предоставляется гражданам, постоянно проживающим в городе Усть-Каменогорске и получающим специальное государственное пособие в Усть-Каменогорском городском отделении государственного центра по выплате пенсий.

2. Назначение единовременной материальной помощи
многодетным матерям

      3. Единовременная материальная помощь многодетным матерям предоставляется государственным учреждением «Отдел занятости и социальных программ города Усть-Каменогорска» (далее – Отдел) один раз в год при представлении заявителем следующих документов:
      1) заявления об оказании единовременной материальной помощи;
      2) документа, удостоверяющего личность;
      3) регистрационного номера налогоплательщика;
      4) документа, подтверждающего прописку в городе Усть-Каменогорске;
      5) документа, подтверждающего статус многодетной матери;
      6) справки из Усть-Каменогорского городского отделения государственного центра по выплате пенсий о получении специального государственного пособия.
      Документы предоставляются в копиях и подлинниках для сверки, после чего подлинники возвращаются заявителю.
      4. Размер единовременной материальной помощи многодетным матерям составляет 10000 тенге.

3. Выплата единовременной материальной помощи
многодетным матерям

      5. Выплата единовременной материальной помощи многодетным матерям производится за счет трансфертов областного бюджета по бюджетной программе 451.007.000 «Социальная помощь отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов».
      6. Доставка единовременной материальной помощи многодетным матерям осуществляется через отделения акционерного общества «Казпочта» по указанному заявителем адресу.