Ескерту. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 21.02.2013 N 5619 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11 бабының 2 тармағына сәйкес зейнеткерлерді, мүгедектерді және мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік қорғау мақсатында, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Үлбі» халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – «Үлбі» орталығы) психикалық ауруларды алмағанда, тыныс алу органдары, жүрек-тамыр, асқазан ішек жолдары, құлақ-мұрын аурулары, невроз аурулары, тірек-қозғалыс жүйелері ауруларымен ауыратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, қонысқа тұру ықтияр хаты бар шетелдіктерге, Өскемен қаласы аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға сауықтыру үшін тегін жолдамалар ұсынылсын.
2. Әр барғанда 60 тегін жолдамалар ұсынылады.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Өскемен қаласы әкімдігінің 2011.02.15 N 10375 (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3. Тегін жолдамалар алуға:
1) зейнеткерлер мен мүгедектер;
2) «Үлбi» орталығының үйде қызмет көрсетілуіндегі мүмкiндiгi шектеулi мүгедек балалар құқылы.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Өскемен қаласы әкімдігінің 2011.06.24 N 12192 (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3-1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері жолдамалар алуға жыл сайынғы бірінші кезектегі құқыққа ие.
Ескерту. Шешім 3-1 тармақпен толықтырылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2011.06.24 N 12192 (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
4. «Үлбі» орталығына жолдамалар «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бір тұлғаға екі жылда бір рет төмендегі құжаттарды тапсырған кезде кезек бойынша беріледі:
1) жазбаша өтініш;
2) жеке басын растайтын куәлік;
3) мүгедек балалар үшін – баланың туу туралы куәлігі және оның заңды өкілінің жеке басын растайтын құжат;
4) азаматтарды тіркеу кітабы немесе тұратын жерінен анықтама;
5) алатын зейнетақы, жәрдемақы мөлшері туралы анықтама;
6) санаторлық-курорттық карта.
Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқалар және көшірмелер (анықтамалардан басқа) түрінде ұсынылады, сонан кейін түпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылып беріледі.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Қ. Нұрғазиевқа жүктелсін.
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласының әкімі И. Әбішев