Ескерту. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2012.02.02 N 15085 қаулысымен (алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13), 14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5, 7 баптарына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының 5, 8 баптарына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Техникалық және кәсіптік, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім алған түлектер санынан жұмыссыз жастарды (бұдан әрі – Қатысушылар) жұмысқа орналастыруға ықпал жасау бойынша, жастар іс-тәжірибесі түрінде, әлеуметтік қорғаудың қосымша шаралары қабылдансын.
2. Жастарды жұмысқа орналастыру төмендегі критерийлер бойынша жүзеге асырылсын:
1) Қатысушылардың «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Бөлім) жұмыссыз ретінде тіркелуі;
2) Қатысушыларды iрiктеу кезеңіңде оларға қолайлы жұмыстың болмауы;
3) жасы 29 жасқа дейін;
4) жұмыс мерзімі 6 айға дейін.
3. Жастар іс-тәжірибесі меншік түріне тәуелсіз ұйымдарда (бұдан әрі – Жұмыс беруші) Жұмыс беруші мен Бөлім арасындағы шарттың негізінде ұйымдастырылады және өткізіледі.
4. Еңбек жағдайлары, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалған, Жұмыс беруші мен жұмысқа қабылданған Қатысушының арасындағы еңбек шартымен анықталады.
5. Жұмыспен қамту бағдарламасын орындауға қарастырылған жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландыру кезінде, Қатысушылардың еңбек ақысы:
1) техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының түлектері үшін толық айға ең төменгі бір жалақы;
2) жоғары оқу орындарының және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алған түлектер үшін толық айға 1,2 ең төменгі жалақы мөлшерінде жүргізіледі.
6. Еңбек ақы төлеу, қаражатты Бөліммен Қатысушылардың дербес шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Қ. Нұрғазиевқа жүктелсін.
8. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 12 мамырдан туындаған қарым-қатынастарға таратылады.
Өскемен қаласының әкімі И. Әбішев