Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының мәслихатының 2009.10.27 N 21/161-IV шешімімен және Семей қаласының әкімдігінің 2009.10.27 N 1280 бірлескен (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 4)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер Кодексінің 108-бабы 5-тармағына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Төменде аталған елді мекендердің шектері жобалардың сызбаларына сәйкес, босалқы жер қорынан және арнайы жер қорынан жер телімдерін қосу арқылы өзгертілсін, соның ішінде:
Ертіс ауылдық округінің босалқы жер қорынан жалпы алаңы 6232,8552 га жерлер Мұқыр, Мұрат және Прииртышкое ауылдарының әкімшілік шектеріне қосылсын;
Достық ауылдық округінің босалқы жер қорынан жалпы алаңы 2062,9729 га жерлер Достық және Шақаман ауылдарының әкімшілік шектеріне қосылсын;
Жиенәлі ауылдық округінің арнайы жер қорынан жалпы алаңы 17175,02 га жерлер Бөкенші және Маралды ауылдарының әкімшілік шектеріне қосылсын;
Знаменка ауылдық округінің арнайы жер қорынан жалпы алаңы 34896,76 га жерлер Знаменка, Қыземшек, Сынтас және Көкен ауылдарының әкімшілік шектеріне қосылсын;
Новобаженово ауылдық округінің босалқы жер қорынан жалпы алаңы 10094,9563 га жерлер Новобаженово, Бұлақ, Клементьевка, және Талдықорған ауылдарының әкімшілік шектеріне қосылсын;
Приречный ауылдық округінің босалқы жер қорынан жалпы алаңы 21045,9603 га жерлер Приречное, Гранитное, Мұздыбай және Жарқын ауылдарының әкімшілік шектеріне қосылсын;
Таңат ауылдық округінің босалқы жер қорынан жалпы алаңы 791,2933 га жерлер Таңат және Социалистік Қазақстан ауылдарының әкімшілік шектеріне қосылсын.
2. Осы қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Семей қаласы әкімінің м.а. С. Оразалиев
Қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы Н. Фесенко
Калалық мәслихаттың хатшысы Қ. Мирашев