Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2010.12.13 N 1409 (жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 13-тармақшасы негізінде және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына сәйкес, уақытша жұмыспен қамту және халықтың жұмысқа орналасуда қиындықтарды бастан кешіп жүрген топтарын қолдау мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орын беруші ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер тізбесі, түрлері, көлемдері және нақтылы шарттары, қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға қатысушылар еңбегіне ақы төлеу мөлшерлері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қатысушылардың еңбек ақысының 2010 жылға белгіленген ең төменгі жалақыдан кем емес мөлшерде бекітілсін.
3. Меншік нысандарына қарамастан ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер басшыларына, (келісім бойынша):
1) осы қаулының орындалуын ұйымдастыру;
2) жұмыскерлердің жекелеген санатына (кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге, көп балалы аналарға, мүгедектерге) толық емес жұмыс күнмен жұмыс істеуге мүмкіншілік беру, сондай-ақ жұмыс уақытын ұйымдастырудың икемді түрлерін қолдану ұсынылсын.
3) жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы шартқа сәйкес есептілікті беру ұсынылсын.
4. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Қ. Е. Төлесбаев):
1) жұмыссыз азаматтарды жұмыс берушілер өтінішіне сәйкес қоғамдық жұмыстарға жіберсін;
2) қоғамдық жұмыстарға бірінші кезекте мақсатты топтарға кіретін жұмыссыз азаматтарды тартсын;
3) жұмыс берушімен қоғамдық жұмыстарды орындауға шарт жасасын.
5. Қаулының атқарылуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т. Ж. Мүсәпірбековке жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Семей қаласының әкімі
міндетін атқарушы С. Оразалиев
Қала әкімдігінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1564 қаулысына қосымша
2010 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс
орындарын беруші ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер тізбесі
рет |
Жұмыс берушінің атауы |
Қоғамдық жұмыстардың түрлері |
Қоғамдық жұмыстардың көлемі |
Қоғамдық жұмыстардың шарттары |
Жұмыс орын |
Қаржыландыру көздері мен еңбекке ақы төлеу мөлшерлері |
|
бюджет |
жұмыс беруші |
||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
1. |
«Семей қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Мұрағатқа өткізу үшін құжаттарды әзірлеуге көмектесу; ағымдағы құжаттармен жұмыс; аумақтарды көгалдандыру және көркейту |
Жұмыстың мөлшері (өнімділігі, мерзімі, қызмет көрсетуі) ҚР Еңбек Кодексіне (9 тарау 116 бап, 117 бап, 118 бап) сәйкес белгіленеді |
Жұмыс мерзімінің ұзақтығы жұмыссыздар үшін ҚР Еңбек Кодексіне (6 тарау 77 бап, 81 бап, 82 бап) сәйкес белгіленеді. Еңбекақы жұмыс уақытын есепке алу тәбіліне сәйкес жүзеге асырылады. Жұмыссыздар құқықтары кепілдігі еңбекті қорғау мен қауіпсіздігі саласында ҚР Еңбек Кодексіне (34 тарау 310 бап, 311 бап, 314 бап, 317 бап) сәйкес |
20 |
ең төмен еңбек |
- |
2. |
«Семей қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Мұрағатқа өткізу үшін құжаттарды әзірлеуге көмектесу; ағымдағы құжаттармен жұмыс; |
-//- |
-//- |
4 |
ең төмен еңбек |
|
3. |
Өнеркәсіп, көлік және байланыс кәсіпорындары (келісім бойынша) |
Аумақтарды экологиялық сауықтыру және жиыстыру; үй-жайларды жиыстыру; ағымдағы құжаттармен жұмыс; |
-//- |
-//- |
10 |
ең төмен еңбек |
белгі |
4. |
«Семей қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
Өңірлік қоғамдық науқандарды өткізуге жәрдемдесу; мұрағаттық құжаттармен жұмыс істеу |
-//- |
-//- |
45 |
ең төмен еңбек |
- |
5. |
«Семей қаласының Әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) |
Халықты құжаттандыру бойынша техникалық жұмыстарды жүргізуге көмектесу |
-//- |
-//- |
25 |
ең төмен еңбек |
- |
6. |
«Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Ағымдағы құжаттармен жұмысқа көмектесу |
-//- |
-//- |
6 |
ең төмен еңбек |
- |
7. |
«Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Ағымдағы құжаттармен жұмысқа көмектесу |
-//- |
-//- |
4 |
ең төмен еңбек |
- |
8. |
«Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Мұрағатқа өткізу үшін құжаттарды әзірлеуге; орындаушыларға шығыс құжаттарын тіркеуге және таратуға |
-//- |
-//- |
8 |
ең төмен еңбек |
- |
9. |
Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың ШҚО филиалы Семей қалалық бөлімшесі (келісім бойынша) |
Зейнетақы істерімен жұмысқа жәрдемдесу; мұрағат құжаттарымен жұмыс; өңірлік қоғамдық науқандарды өткізуге көмектесу |
-//- |
-//- |
20 |
ең төмен еңбек |
- |
10. |
«ШҚО-ның қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) |
Мұрағат құжаттарымен жұмыс істеу |
-//- |
-//- |
25 |
ең төмен еңбек |
- |
11. |
«Семей қаласы бойынша салық басқармасы» мемлекетік мекемесі (келісім бойынша) |
Салық ескертпелерін тіркеуге, оларды салық төлеушілердің мекенжайлары бойынша жеткізуге көмектесу; ағымдағы құжаттармен жұмыс; ауланы тазалау; үй жайларды жиыстыру |
-//- |
-//- |
10 |
ең төмен еңбек |
- |
12. |
«Семей қаласының әкімшілік соты» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) |
Мұрағат құжаттарымен жұмыс; аумақты көркейту |
-//- |
-//- |
8 |
ең төмен еңбек |
- |
13. |
Семей қалалық соты» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) |
Мұрағат кұжаттармен жұмыс; аумақты және үй-жайларды жиыстыру |
-//- |
-//- |
8 |
ең төмен еңбек |
- |
14. |
«Семей қаласының ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша). Қаланың қылмыстық-атқару инспекциясы (келісім бойынша) Орталық, қала маңындағы полиция бөлімі (келісім бойынша) |
Мұрағат құжаттарымен жұмыс; ауланы тазалау; үй жайларды жиыстыру |
-//- |
-//- |
35 |
ең төмен еңбек |
- |
15. |
Шағын және орта бизнес, сауда кәсіпорындары (келісім бойынша) |
Қосалқы жұмыстар; аумақтарды экологиялық сауықтыру және жиыстыру; үй-жайларды жиыстыру жайларды жиыстыру |
-//- |
-//- |
10 |
ең төмен еңбек |
ең төмен еңбек |
16. |
«Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі Семей қалалық № 2 өртке қарсы қызмет жасағы (келісім бойынша) |
Аумақты және үй-жайларды жиыстыру |
-//- |
-//- |
8 |
ең төмен еңбек |
- |
17. |
«Семей қалалық қазынашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) |
Мұрағат құжаттарымен жұмыс істеу |
-//- |
-//- |
8 |
ең төмен еңбек |
- |
18. |
«Семей қаласының белгілі тұрағы және құжаттары жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы» мемлекеттік мекемесі |
Аумақты экологиялық сауықтыру және жиыстыру; үй-жайларды жиыстыру; жөндеу жұмыстары |
-//- |
-//- |
15 |
ең төмен еңбек |
- |
19. |
«ШҚО бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» өңірлік мемлекеттік кәсіпорынның Семей филиалы (келісім бойынша) |
Мұрағат құжаттарымен жұмыс істеу |
-//- |
-//- |
8 |
ең төмен еңбек |
- |
20. |
«Семей қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі |
Сессиялар мен тұрақты комиссия хаттамаларын ресімдеуге көмектесу; мұрағатқа өткізу үшін құжаттарды әзірлеу |
-//- |
-//- |
4 |
ең төмен еңбек |
- |
21. |
«Семей қаласының прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) |
Мұрағат құжаттарымен жұмыс; аумақты көркейту үй - жайларды жиыстыру |
-//- |
-//- |
8 |
ең төмен еңбек |
- |
22. |
«Семей қаласының мүмкіндігі шектеулі балаларға үйден әлеуметтік көмек көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесі |
Әлеуметтік қызметкерлердің көмекшілері; үй-жайларды жиыстыру; жөндеу жұмыстары |
-//- |
-//- |
14 |
ең төмен еңбек |
- |
23. |
Білім ұйымдары мекемелері, соның ішінде балалардың мектепке дейінгі мекемелері |
Мәдени мақсаттағы ауқымды іс–шараларды ұйымдастыруға көмектесу; балалардың және жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру; үй-жайларды жиыстыру және жөндеу |
-//- |
-//- |
40 |
ең төмен еңбек |
- |
24. |
Семей қаласының жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындары |
Мұрағат құжаттарымен жұмыс; аумақтарды жиыстыру; жөндеу жұмыстары |
-//- |
-//- |
25 |
ең төмен еңбек |
- |
25. |
Облыстық Семей тарихи-өлкетану музейі (келісім бойынша) |
Аумақты көркейту; үй-жайларды жиыстыру |
-//- |
-//- |
4 |
ең төмен еңбек |
- |
26. |
«Семей қаласының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналык әлеуметтік мекемесі” мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) |
Жөндеу жұмыстары; аумақтарды көгалдандыру және көркейту; науқас және егде жастағы адамдарды күту |
-//- |
-//- |
13 |
ең төмен еңбек |
- |
27. |
«Семей қаласының мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) |
Аумақты көркейту; үй-жайларды жиыстыру |
-//- |
-//- |
4 |
ең төмен еңбек |
- |
28. |
Денсаулық сақтау ұйымдары, мекемелері (келісім бойынша |
Аумақтарды көркейту, үй-жайларды жиыстыру; жөндеу жұмыстары |
-//- |
-//- |
35 |
ең төмен еңбек |
- |
29. |
Білім бөлімінің «Аула клубтары қауымдастығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
Тұрғылықты жері бойынша балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру |
-//- |
-//- |
30 |
ең төмен еңбек |
- |
30. |
«Семей қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Мұрағатқа өткізу үшін құжаттарды әзірлеуге көмектесу; ағымдағы құжаттармен жұмыс; |
-//- |
-//- |
8 |
ең төмен еңбек |
- |
31 |
«Семей қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Мұрағатқа өткізу үшін құжаттарды әзірлеуге көмектесу; ағымдағы құжаттармен жұмыс; |
-//- |
-//- |
5 |
ең төмен еңбек |
- |
32 |
«Семей қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Мұрағатқа өткізу үшін құжаттарды әзірлеуге көмектесу; ағымдағы құжаттармен жұмыс; |
-//- |
-//- |
8 |
ең төмен еңбек |
- |
33 |
«Семей қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Мұрағатқа өткізу үшін құжаттарды әзірлеуге көмектесу; ағымдағы құжаттармен жұмыс; |
-//- |
-//- |
8 |
ең төмен еңбек |
- |
34 |
Семей қаласының әуесқой бағбандарының тұтынушылар кооперативтері (келісім бойынша) |
Құқық тәртібін қорғау; саяжай учаскелерін күзету |
-//- |
-//- |
120 |
ең төмен еңбек |
- |
35 |
Пәтер иелері кооперативтері (келісім бойынша) |
Құқық тәртібін қорғау; көп пәтерлі үйлердің подъездерін күзету |
-//- |
-//- |
40 |
ең төмен еңбек |
- |
36 |
«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) |
Аумақтарды көркейту, үй жайларды жиыстыру; жөндеу жұмыстары |
-//- |
-//- |
4 |
ең төмен еңбек |
- |
37 |
“Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі” мемлекеттік мекемесі |
Азық-түлік және азық-түлік емес тауар бағаларының мониторингісін жүргізуге көмектесу; құжаттармен жұмыс |
-//- |
-//- |
30 |
ең төмен еңбек |
- |
38. |
“Семей қаласының орталық мәдениет және демалыс саябағы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша) |
Жөндеу жұмыстары; аумақтарды көгалдандыру және көркейту; |
-//- |
-//- |
4 |
ең төмен еңбек |
- |
39. |
«Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі Жетісу өңірлік инспектурасы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) |
Көкөністерді өсіру жөніндегі маусымдық қысқа мерзімді жұмыстар; маусымдық жылыту жұмыстары |
-//- |
-//- |
4 |
ең төмен еңбек |
ең төмен еңбек |
40. |
Қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдар (келісім бойынша) |
Қорық аймақтарын қалпына келтіру, ғимараттарды жөндеу, әлеуметтік - құқықтық көмек көрсету; онкологиялық науқастарды психологиялық қолдау; балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру; халыққа социологиялық сұрау салу; жалғызілікті егде жастағы азаматтарды күту; өңірлік қоғамдық науқандарды өткізуге жәрдемдесу; құжаттармен жұмыс |
-//- |
-//- |
35 |
ең төмен еңбек |
- |
41. |
Жаңасемей өңірінің ауылдық округтері: Достық, Жазық, Жиенәлі, Знаменка, Ертіс, Озерка, Приречный, Новобаженово, Шаған кенті |
Ауылдар аумақтарын жиыстыру, көркейту; құқық тәртібін қорғау; малдәрігерлік алдын алу іс-шараларына қатысу; хат-хабарды жеткізу; өңірлік қоғамдық іс-шараларды өткізуге жәрдемдесу |
-//- |
-//- |
80 |
ең төмен еңбек |
- |
42. |
Шульба кентінің кәсіпорындары мен ұйымдары (келісім бойынша) соның ішінде: «Шульба кентінің әкімі» мемлекеттік мекемесі, «Облыстық балалар үйі» мемлекеттік мекемесі, «Мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, білім және денсаулық сақтау мекемелері |
Өңірлік қоғамдық науқандарды өткізуге жәрдемдесу; халыққа социологиялық сұрау салу; хат-хабар жеткізу; қоғамдық тәртіпті қорғау; аумақты экологиялық сауықтыру және жиыстыру; нысандарды қайта жаңғырту және жөндеу; балалар мен жастардың бос уақытын ұйымдастыру |
-//- |
-//- |
50 |
ең төмен еңбек |
- |
43. |
Абыралы өңірінің ауылдық округтері: Абыралы, Ақбұлақ, Айнабұлақ, Алғабас, Қараөлең, Таңат, білім және денсаулық сақтау мекемелері |
Ауылдар аумақтарын жиыстыру, көркейту; құқық тәртібін қорғау; малдәрігерлік алдын алу іс-шараларына қатысу; хат-хабарды жеткізу; өңірлік қоғамдық іс-шараларды өткізуге жәрдемдесу |
-//- |
-//- |
50 |
ең төмен еңбек |
- |
Жиыны: |
900 |
Қоғамдық жұмыстардың нақты шарты:
Жұмыс аптасының ұзақтығы 5 күнді құрайды екі демалыс күн беріледі, сегіз сағаттық жұмыс күні, түскі үзіліс 1 сағат, жұмыс уақытын есептеу табелінде көрсетілген дәлелді жұмыс істеген уақыты арқылы жұмыссыздың жеке шотына аудару жолымен жүзеге асырылады; еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық, арнайы киіммен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, уақытша жұмысқа жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеу, денсаулыққа мертігу немесе басқа зақымдану салдарынан келтірілген зияндардың орынын толтыру зейнетақы және әлеуметтік ақша аударулар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргізіледі. Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін (әйелдер және отбасылық міндеттері бар өзге адамдар, мүгедектер, он сегіз жасқа толмаған адамдар) қоғамдық жұмыстардың шарттары сай келген санаттың еңбек шарттарының ерекшеліктерін ескерумен анықталады және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасында жасалатын еңбек шарттарымен қарастырылады.
«Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» ММ бастығы Қ. Төлесбаев