Ескерту. Күші жойылды - Зырян ауданы әкімдігінің 2010.02.16 N 519 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес келтіру мақсатында, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мақсатты топтағы халықты жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және олардың қаржыландыру ережелері жөніндегі шаралар туралы» Зырян ауданы - Зырян қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 8 ақпандағы № 1198 қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
қаулы және қосымшаның аты мен мәтініне;
«Зырян қаласы» сөзі жойылсын;
«басқару» сөзінен кейін «және өзін-өзі басқару» сөзі қосылсын;
«Ереже» сөзі «Нұсқама» сөзіне ауыстырылсын;
«осы ереже әзірленген» сөзі «осы нұсқама әзірленген» сөзіне ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен сөзі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі деп ауыстырылсын;
«тәртібі» сөзі жойылсын;
1 қосымшада:
2 тармақтағы 12 бап жойылсын;
12 тармақтағы «еңбек шарты көшірмесінің қосымшасымен» сөзі жойылсын;
20 тармақта:
екінші азат жолдағы «бір» сөзі «1,2» санына өзгертілсін;
үшінші азат жолдағы «1,2» саны «1,5» санына өзгертілсін;
2 қосымшада:
1 тармақтағы «Осы Ереже ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін анықтайды» сөзі «Осы Нұсқама ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін анықтайды» сөзіне ауыстырылсын;
2 тарауының атауында «ұйымдастыру және жұмысқа орналасу» сөзі «ұйымдастыру және жұмысқа орналасу» сөзіне ауыстырылсын;
4 тарауының атауында «ұйымдастыру және қаржыландыру» сөзі «ұйымдастыруымен және қаржыландыруымен» сөзіне ауыстырылсын;
3 қосымшада:
1 тармақтағы «осы Ережелердегі» сөзі «осы Нұсқамаларда» сөзіне ауыстырылсын;
12 тармақтағы «3» саны «6» санына, «2» саны «5» санына ауыстырылсын.
2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан күннен бастап күшіне енеді.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау әкім орынбасары Э.Я. Гейгерге жүктелсін.
Зырян ауданының әкімі В. ЯКУПОВ