Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 21.10.2013 № 17-10 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 7 баптарына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Орал қалалық мәслихатының "Орал қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2008 жылғы 2 шілдедегі № 9-14 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-101 тіркелген, 2008 жылғы 24 шілдеде "Жайық үні" газетінде және 2008 жылғы 24 шілдеде "Пульс города" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) кіріспе келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 20 бабы, Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 56 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 7 баптарын басшылыққа алып, Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:";
2) шешімнің мемлекеттік тіліндегі атауы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын: "Орал қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы";
3) шешімнің 1 тармағы келесі мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
"17) 3 000 теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек алушыға";
4) шешімнің 2 тармағы келесі мазмұндағы 6), 7) тармақшаларымен толықтырылсын:
"6) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға облыстан тыс жерлерде операция жасауға және емделуге комиссия белгілеген мөлшерде;
7) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды бағып отырған отбасына комиссия белгілеген мөлшерде".
2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Орал қалалық мәслихатының
кезекті 15 сессиясының төрағасы
Орал қалалық мәслихатының хатшысы