"Мемлекеттiк қызметшi емес су жолдары ұйымдарының және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті "Кеме қатынасының тіркелімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлерiнiң мамандықтары бойынша жұмыс өтiлiн есептеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 8 тамыздағы № 275-І бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 29 қыркүйектегі № 439 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 22 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6590 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 23 қазандағы № 827 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 23.10.2013 № 827 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мемлекеттiк қызметшi емес су жолдары ұйымдарының және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті «Кеме қатынасының тіркелімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлерiнiң мамандықтары бойынша жұмыс өтiлiн есептеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 8 тамыздағы № 275-І бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1959 нөмірімен тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Мемлекеттiк қызметшi емес су жолдары ұйымдарының және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті «Кеме қатынасының тіркелімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлерiнiң мамандықтары бойынша жұмыс өтiлiн есептеу ережесiнде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Мемлекеттiк қызметшi емес су жолдары ұйымдарының және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті «Кеме қатынасының тіркелімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлерiнiң мамандықтары бойынша жұмыс өтiлiн есептеу ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Мемлекеттiк кәсiпорын туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысының 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзiрленген.
      Ереже мемлекеттiк қызметшi емес су жолдары ұйымдарының және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті «Кеме қатынасының тіркелімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлерiнiң мамандықтары бойынша жұмыс өтiлiн (бұдан әрi – жұмыс өтiлi) есептеу тәртiбiн анықтайды.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Мына құжаттардың кез келгені:
      1) еңбек кітапшасы;
      2) тоқтату күні мен оны тоқтатудың негізі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;
      3) еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірмелер;
      4) қызметкерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірмелер;
      5) жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен расталған не нотариат растаған қызмет ету тізімі (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
      6) қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат болып табылады.».
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментi (Б.Е. Қазбеков) заңнамада белгiленген тәртiппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен келiссiн және мемлекеттiк тiркеу үшiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне ұсынсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысына  (Ж.М. Қасымбек) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                        Ә. Құсайынов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты әлеуметтік
      қорғау министрі
      Г.Н. Әбдіқалықова __________
      2010 жыл

О внесении изменений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 8 августа 2002 года № 275-І "Об утверждении Правил исчисления стажа работы по специальности работников организаций водных путей и государственного учреждения "Регистр судоходства" Комитета транспорта и путей сообщения Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан, не являющихся государственными служащими"

Приказ и.о. Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 29 сентября 2010 года № 439. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 22 октября 2010 года № 6590. Утратил силу приказом Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 23 октября 2013 года № 827

      Сноска. Утратил силу приказом Министра транспорта и коммуникаций РК от 23.10.2013 № 827 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 1 статьи 43-1 Закона Республики Казахстан "О нормативных правовых актах", ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 8 августа 2002 года № 275-І "Об утверждении Правил исчисления стажа работы по специальности работников организаций водных путей и государственного учреждения "Регистр судоходства" Комитета транспорта и путей сообщения Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан, не являющихся государственными служащими" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 1959) следующие изменения:
      в Правилах исчисления стажа работы по специальности работников организаций водных путей и государственного учреждения "Регистр судоходства" Комитета транспорта и путей сообщения Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан, не являющихся государственными служащими:
      пункт 1 изложить в следующей редакции:
      "1. Настоящие Правила исчисления стажа работы по специальности работников организаций водных путей и государственного учреждения "Регистр судоходства" Комитета транспорта и путей сообщения Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан, не являющихся государственными служащими (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственном предприятии" и подпунктом 3) пункта 4 постановления Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2007 года № 1400 "О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий".
      Правила определяют порядок исчисления стажа работы по специальности работников организаций водных путей и государственного учреждения "Регистр судоходства" Комитета транспорта и путей сообщения Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан, не являющихся государственными служащими (далее - стаж работы).";
      пункт 6 изложить в следующей редакции:
      "6. Документом, подтверждающим трудовую деятельность работника, является любой из следующих:
      1) трудовая книжка;
      2) трудовой договор с отметкой работодателя о дате и основании его прекращения;
      3) выписки из актов работодателя, подтверждающих возникновение и прекращение трудовых отношений на основе заключения и прекращения трудового договора;
      4) выписки из ведомости выдачи заработной платы работникам;
      5) послужной список (перечень сведений о работе, трудовой деятельности работника), подписанный работодателем, заверенный печатью организации либо нотариально;
      6) архивная справка, содержащая сведения о трудовой деятельности работника.".
      2. Юридическому департаменту Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан (Казбеков Б.Е.) согласовать в установленном законодательством порядке настоящий приказ с Министерством труда и социальной защиты населения Республики Казахстан и представить для государственной регистрации в Министерство юстиции Республики Казахстан.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Ответственного секретаря Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан (Касымбек Ж.М.).
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его официального опубликования.

      И.о. Министр                               А. Бектуров

      "СОГЛАСОВАНО"
      Министр труда и социальной
      защиты населения
      Республики Казахстан
      Абдыкаликова Г.Н. ___________