"Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажды тасымалдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы № 122-I бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 541 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 20 желтоқсанда № 6692 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 6 тамыздағы № 496 бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011.08.06 № 496 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажды тасымалдауын ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажды тасымалдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы № 122-I бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2810 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажды тасымалдау ережелерінде:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Жолаушылар поездарына жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеу қол технологиясы бойынша немесе АБЖ терминалының көмегімен жүргізіледі.
      Жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату билет кассаларында және/немесе электрондық жүйесі арқылы жүргізіледі. Жол жүру құжаттарын (билеттерін) талап ету орны бойынша жеткізу қосымша ақы үшін жүзеге асырылады.»;
      12-тармақта «депутат куәлігі» деген сөздерді «босқын куәлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 32-1-тармақпен толықтырылсын:
      «32-1. Өзіне өзі қызмет көрсететін транзакциялық терминалдардың жол жүру құжаттарын, осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бланкіде жолаушылардың өздерімен тікелей жол жүру құжаттарын ресімделу процесін жүзеге асыруға арналған.»;
      мынадай мазмұндағы 33-1-тармақпен толықтырылсын:
      «33-1. Электрондық жол жүру құжаты дегеніміз жолаушының теміржол тасымалы туралы ақпаратты электронды-цифрлық үлгіде ұсынатын жолаушыны тасымалдау шартын растау үшін қолданылатын құжат, онда келесідей ақпарат көрсетіледі:
      1) тапсырыс беру уақыты мен күні;
      2) поездың нөмірі;
      3) жөнелту мен тағайындалған станциясы;
      4) поезды жөнелту уақыты және күні;
      5) вагонның түрі мен нөмірі;
      6) вагондағы орынның нөмірі;
      7) тасымалдаушының СТН-і (БСН болған жағдайда);
      8) купе белгісі (әйел, ер немесе аралас - егер қолданылса);
      9) жолаушы туралы ақпарат – тегі, аты, әкесінің аты (немесе басты әріптері), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы және сериясының нөмірі;
      10) тариф (билет, плацкарт);
      11) тасымалдаудың құны;
      12) төлем түрі;
      13) жинақ (егер қолданылса);
      14) электрондық билет тапсырысының сәйкестендіргіші.»;
      91-тармақтың төртінші абзацындағы «Жолаушылар поезының вагон-мейрамханасына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2987 тіркелген) талаптарына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 550 бұйрығымен бекітілген «Жолаушы поезының вагон-мейрамханасына және ұйымдастырылған балалар ұжымдарын темір жол көлігімен тасымалдау жағдайларына қойылатын санитарлық–эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6390)» деген сөздермен ауыстырылсын.
      осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес 6-қосымшамен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Н.И. Қилыбай) белгіленген тәртіп бойынша осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А. Бектұровқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                        Ә. Құсайынов

Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация
министрінің      
2010 жылғы 28 қарашадағы
№ 541 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасының
темір жол көлігімен   
жолаушыларды, багажды және
жүк багажды тасымалдау 
ережесіне 6-қосымша   

Өзіне өзі қызмет көрсететін транзакциялық терминалдың жол жүру құжатының нысаны

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 18 марта 2004 года № 122-І "Об утверждении Правил перевозок пассажиров, багажа и грузобагажа железнодорожным транспортом Республики Казахстан"

Приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 28 ноября 2010 года № 541. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан от 20 декабря 2010 года № 6692. Утратил силу приказом и.о. Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 6 августа 2011 года № 496

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра транспорта и коммуникаций РК от 06.08.2011 № 496.

      В целях совершенствования организации перевозок пассажиров, багажа и грузобагажа на железнодорожном транспорте Республики Казахстан ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 18 марта 2004 года № 122-I "Об утверждении Правил перевозок пассажиров, багажа и грузобагажа железнодорожным транспортом Республики Казахстан" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2810) следующие изменения и дополнения:
      в Правилах перевозок пассажиров, багажа и грузобагажа железнодорожным транспортом Республики Казахстан, утвержденных указанным приказом:
      пункт 6 изложить в следующей редакции:
      "6. Оформление проездных документов (билетов) на пассажирские поезда производится с помощью терминалов АСУ или по ручной технологии.
      Продажа проездных документов (билетов) производится в билетных кассах и/или через электронные системы продажи. Доставка проездных документов (билетов) по месту требования пассажира осуществляется за дополнительную плату.";
      пункт 12 после слов "временное удостоверение гражданина" дополнить словами ", удостоверение беженца.";
      дополнить пунктом 32-1 следующего содержания:
      "32-1. Проездной документ транзакционного терминала самообслуживания предназначен для использования в осуществлении процесса оформления проездных документов непосредственно самими пассажирами на бланке по форме, согласно приложению 6 к настоящим Правилам.";
      дополнить пунктом 33-1 следующего содержания:
      "33-1. Электронный проездной документ представляет собой документ, используемый для удостоверения договора перевозки пассажира, в котором информация о железнодорожной перевозке пассажира представлена в электронно-цифровой форме, содержащей следующую информацию:
      1) дата и время заказа;
      2) номер поезда;
      3) станция отправления и назначения;
      4) дата и время отправления поезда;
      5) номер и тип вагона;
      6) номер места в вагоне;
      7) РНН перевозчика (при наличии БИН);
      8) признак купе (женское, мужское или смешанное – если применяется);
      9) сведения о пассажире – фамилия, имя, отчество (или инициалы), наименование, серия и номер документа удостоверяющего личность;
      10) тариф (билет, плацкарта);
      11) итоговая стоимость перевозки;
      12) форма оплаты;
      13) сборы (если применяются);
      14) идентификатор заказа электронного билета.";
      в абзаце четвертом пункта 91 слова ""Санитарно-эпидемиологические требования к вагону-ресторану пассажирского поезда", утвержденных приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 24 июня 2004 года № 496 (зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2987)" заменить словами ""Санитарно-эпидемиологические требования к вагону-ресторану пассажирского поезда и условиям перевозки организованных детских коллективов железнодорожным транспортом", утвержденных приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 28 июля 2010 года № 550 (зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6390)";
      дополнить приложением 6 согласно приложению к настоящему приказу.
      2. Комитету транспорта и путей сообщения Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан (Килыбай Н.И.) обеспечить в установленном порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан А. Бектурова.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр                                    А. Кусаинов

Приложение           
к приказу Министра транспорта и
коммуникаций Республики Казахстан
от 28 ноября 2010 года № 541 

Приложение 6             
к Правилам перевозок пассажиров, багажа
и грузобагажа железнодорожным транспортом
Республики Казахстан         

  Форма проездного документа
транзакционного терминала самообслуживания