«Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3)-тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жылжымайтын мүлiкке өзге де объектiлерге құқықтарды тiркеу туралы өтiнiштiң нысандарын және мазмұнын, тiркеу құжаттарына тиiстi жазба енгiзiлгенi туралы хабарламаны бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң м.а. 2007 жылғы 24 тамыздағы № 236 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4923 болып тiркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың актілер жинағында, 2007 жылғы, шілде-қыркүйекте жарияланған) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
аталған бұйрықтың 1-қосымшасында:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жеке тұлға үшiн жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiштің нысанында:
«СТН» деген сөзден кейін «, ал болған жағдайда - ЖСН» деген сөздермен толықтырылсын;
«Меншiк иесi туралы мәлiметтер қажет пе Ия Жоқ (керек емесiн сызу)» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«Сатып алынатын немесе сатылатын активтердің жиынтық баланстық құны Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген мөлшерден асып кетеді ме Ия Жоқ (керек емесiн сызу)»;
мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
«Ескертпе: Егер тіркеуге арналған өтініштің мазмұнында сатып алынатын немесе сатылатын активтердің жиынтық баланстық құны Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген мөлшерден асып кету туралы мәлімет болса, онда өтініш беруші монополияға қарсы органынан жазбаша келісімін алдын ала табыс етеді.»;
аталған бұйрықтың 2-қосымшасында:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген заңды тұлға үшiн жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiштің нысанында:
«СТН» деген сөзден кейін «, ал болған жағдайда - БСН» деген сөздермен толықтырылсын;
«Меншiк иесi туралы мәлiметтер қажет пе Ия Жоқ (керек емесiн сызу)» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«Сатып алынатын немесе сатылатын активтердің жиынтық баланстық құны Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген мөлшерден асып кетеді ме Ия Жоқ (керек емесiн сызу)»;
мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
«Ескертпе: Егер тіркеуге арналған өтініштің мазмұнында сатып алынатын немесе сатылатын активтердің жиынтық баланстық құны Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген мөлшерден асып кету туралы мәлімет болса, онда өтініш беруші монополияға қарсы органынан жазбаша келісімін алдын ала табыс етеді.»;
аталған бұйрықтың 3-қосымшасында:
тіркеу құжаттарына тиісті жазба енгізу туралы хабарламаның (жеке тұлғаның өтініш берушісі үшін) нысанында:
«Тегі, Аты, Әкесінің аты ________________________________ »
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«СТН, ал болған жағдайда - ЖСН»;
аталған бұйрықтың 4-қосымшасында:
тіркеу құжаттарына тиісті жазба енгізу туралы хабарламаның (заңды тұлғаның өтініш берушісі үшін) нысанында:
«СТН» деген сөзден кейін «, ал болған жағдайда - БСН» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрiнiң
міндетін атқарушы Д. Құсдәулетов