Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 13.03.2013 № 71 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 936 Жарлығын іске асыру үшін БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6148 болып тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетiлген бұйрықтың 1-қосымшасында:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында:
2 «Қаржылық қызмет» кiшi функциясында:
217 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi» бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 008 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«008 Бюджеттік инвестициялық жобаларға мониторинг жүргізу»;
«5 Жоспарлау және статистикалық қызмет» кіші функционалдық тобында:
220 «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі 220 «Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен ауыстырылсын;
001 «Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау мен басқару жүйесін қалыптастыру және дамыту жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
«001 Экономика және сауда саясатын, мемлекеттік жоспарлау мен басқару жүйесін қалыптастыру және дамыту жөніндегі қызметтер»;
044 «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігін материалдық-техникалық жарақтандыру» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
«044 Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігін материалдық-техникалық жарақтандыру»;
9 «Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттiк қызметтер» кіші функционалдық тобында:
603 «Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі 603 «Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен ауыстырылсын;
001 «Ақпараттандыру және байланыс саласындағы инфрақұрылымды және бәсекелік нарықты дамыту жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
«001 Байланыс және ақпарат саласындағы инфрақұрылымды және бәсекелі нарықты дамыту жөніндегі қызметтер»;
008 «Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігін материалдық-техникалық жарақтандыру» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
«008 Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігін материалдық-техникалық жарақтандыру»;
03 «Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» функционалдық тобында:
2 «Құқықтық қызмет» кiшi функционалдық тобында:
221 «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
«008 Діни сенім бостандығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру» бюджеттік бағдарламасы алынып тасталсын;
9 «Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік саласындағы басқа да қызметтер» кiшi функционалдық тобында:
221 «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
«014 Дін мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу және талдау қызметтері» және 052 «Мәдениет және дін саласында халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу» бюджеттік бағдарламалары алынып тасталсын;
090 «Қазақстан Республикасында дін, конфессияаралық қатынастар және құқықтық насихат саласындағы әлеуметтік зерттеулер» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
«090 Қазақстан Республикасында құқықтық насихаттау саласындағы зерттеулер»;
08 «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк» функционалдық тобында:
3 «Ақпараттық кеңiстiк» кiшi функционалдық тобында:
206 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі 206 «Қазақстан Республикасы байланыс және ақпарат министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен ауыстырылсын:
«017 Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару, 022 Мұрағат құжаттарының және баспа мұрағатының сақталуын қамтамасыз ету, 025 Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу» бюджеттік бағдарламалары алынып тасталсын;
021, 022, 025 бюджеттік бағдарламалары бар 603 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«603 Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі
021 Әдебиеттiң әлеуметтiк маңызды түрлерiн басып шығару
022 Мұрағат құжаттарының және баспа мұрағатының сақталуын қамтамасыз ету
025 Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу»;
9 «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiктi ұйымдастыру жөнiндегi өзге де қызметтер» кiшi функционалдық тобында:
206 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі 206 «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен ауыстырылсын:
«001 Мәдениет және ақпарат саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
«001 Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі қызметтер»;
«002 «Мәдениет және ақпарат саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
«002 Мәдениет саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер»;
«003 «Мәдениет және ақпарат саласындағы қайраткерлерді ынталандыру» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
«003 Мәдениет саласындағы қайраткерлерді ынталандыру»;
«007 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігін материалдық-техникалық жарақтандыру» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
«007 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігін материалдық-техникалық жарақтандыру»;
«008 «Мәдениет және ақпарат саласындағы мемлекеттік ұйымдардың ғимараттарын, үй-жайлары мен құрылыстарын күрделі жөндеу» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
«008 Мәдениет саласындағы мемлекеттік ұйымдардың ғимараттарын, үй-жайлары мен құрылыстарын күрделі жөндеу»;
«010 «Мәдениет және ақпарат объектілерін салу, реконструкциялау» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
«010 Мәдениет объектілерін салу, реконструкциялау»;
«016 «Мәдениет және ақпарат саласындағы мемлекеттік ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыру» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
«016 Мәдениет саласындағы мемлекеттік ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыру»;
«023 Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресті насихаттау» бюджеттік бағдарламасы алынып тасталсын;
«029 Мәдениет және ақпарат саласында қызметтерін жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жарғылық капиаталдарын ұлғайту» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
«029 Мәдениет саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жарғылық капиаталдарын ұлғайту»;
мынадай мазмұндағы 031, 032, 033, 034 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
«031 Діни сенім бостандығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру
032 Дін мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу және талдау қызметтері
033 Мәдениет және дін саласында халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу
034 Қазақстан Республикасында дін, конфессияаралық қатынастар саласындағы әлеуметтік зерттеулер»;
005, 020, 023, 029, 118 бюджеттік бағдарламалары бар 603 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«603 Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі
005 Ақпарат саласындағы қайраткерлерді ынталандыру
020 Ақпарат саласындағы мемлекеттік ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыру
023 Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күресті насихаттау
029 Ақпарат саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жарғылық капиталын ұлғайту
118 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне аумақтық еңбекпен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын жүзеге асыру шеңберінде ағымдағы шығыстарға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»;
09 «Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану» функционалдық тобында:
1 «Отын және энергетика» кiшi функционалдық тобында:
231 «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі 231 «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен ауыстырылсын;
«004 Отын-энергетика кешені, мұнай-химия және минералдық ресурстар саласындағы технологиялық сипаттағы қолданбалы ғылыми зерттеулер», 005 «Қазақстандық Токамак термоядролық материалтану реакторын құру», 008 «Уран кеніштерін консервациялау және жою, техногендік қалдықтарды көму», 009 «Қарағанды көмір бассейнінің шахталарын жабуды қамтамасыз ету», 011 «Қазақстан Республикасы аумағында радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету», 017 «Өздігінен төгіліп жатқан мұнай және гидрогеологиялық ұңғымаларды жою және консервациялау», 018 «Мұнай операцияларын жүргізуге арналған келісім-шарттарда, сондай-ақ мұнай өнімдерін тасымалдау, қайта өңдеу және өткізу кезінде мемлекет мүддесін білдіру» бюджеттік бағдарламалары алынып тасталсын;
010, 034, 035, 038, 042, 045 бюджеттік бағдарламалары бар 233 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«233 Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
010 Отын-энергетика кешені және минералдық ресурстар саласындағы технологиялық сипаттағы қолданбалы ғылыми зерттеулер
034 Уран кеніштерін консервациялау және жою, техногендік қалдықтарды көму
035 Қарағанды көмір бассейнінің шахталарын жабуды қамтамасыз ету
038 Қазақстан Республикасының аумағында радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
042 Өздігінен төгіліп жатқан мұнай және гидрогеологиялық ұңғымаларды жою және консервациялау
045 Қазақстандық Токамак термоядролық материалтану реакторын құру»;
2 «Жер қойнауын пайдалану» кiшi функционалдық тобында:
231 «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі 231 «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен ауыстырылсын;
«003 Геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер», 012 «Геологиялық ақпаратты қалыптастыру», 013 «Өңірлік, геологиялық түсiру, іздестiру-бағалау және іздестіру-барлау жұмыстары», 014 «Минералдық-шикiзат базасы, жер қойнауын пайдалану, жер асты сулары және қауiптi геологиялық процестер мониторингі» бюджеттік бағдарламалары алынып тасталсын;
003, 039, 040, 041 бюджеттік бағдарламалары бар 233 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«233 Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
003 Геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер
039 Геологиялық ақпаратты қалыптастыру
040 Өңірлік, геологиялық-түсіру, іздестіру-бағалау және іздестіру-барлау жұмыстары
041 Минералдық-шикізат базасы және жер қойнауын пайдалану, жер асты сулары және қауіпті геологиялық процестер мониторингi»;
9 «Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де қызметтер» кiшi функционалдық тобында:
231 «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі 231 «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен ауыстырылсын;
«001 Электроэнергетика, атом энергетикасы, минералдық ресурстар, отын-энергетика кешені, көмiр, мұнай-химиялық, мұнай-газдық өнеркәсіп және атом энергетикасын пайдалану саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
«001 Мұнай, газ және мұнай-химия өнеркәсібі саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер»;
«006 Отын-энергетика кешендегi нормативтік-техникалық базаны жетілдіру», 007 «Курчатов қаласында «Ядролық технологиялар паркі» технопаркін құру», 010 «Астана қаласының бюджетіне электрмен қамту кабелін қалпына келтіру жөндеу жұмыстарын жүргізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламалары алынып тасталсын;
015 Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігін материалдық-техникалық жарақтандыру» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
«015 Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігін материалдық-техникалық жарақтандыру»;
«019 Қарағандышахтатарату» республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнына берілген, жабылған шахталар қызметкерлеріне келтірілген зиянды өтеу», 020 «Ядролық медицина және биофизика орталығын құру» бюджеттік бағдарламалары алынып тасталсын;
«024 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жылу-энергетика жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
«024 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне газ тасымалдау жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері»;
«027 «Бурабай» геофизикалық обсерваториясын көшіру», 030 «Ядролық сынақтардың мониторингі» бюджеттік бағдарламалары алынып тасталсын;
016, 036, 043, 044, 046, 047, 048, 049 бюджеттік бағдарламалары бар 233 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«233 Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
016 Отын-энергетика кешендегі нормативтік-техникалық базаны жетілдіру
036 Астана қаласының бюджетіне электрмен жабдықтау кәбілін жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер
043 «Қарағандышахтатарату» республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнына берілген, жабылған шахталар қызметкерлеріне келтірілген зиянды өтеу
044 Ядролық сынақтардың мониторингі
046 Курчатов қаласында «Ядролық технологиялар паркі» технопаркін құру
047 Ядролық медицина және биофизика орталығын құру
048 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жылу-энергетика жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері
049 «Бурабай» геофизикалық обсерваториясын көшіру»;
11 «Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» функционалдық тобында:
2 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» кiшi функционалдық тобында:
271 «Облыстың құрылыс басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 050 бюджеттік бағдарламен толықтырылсын:
«050 Төтенше жағдайлар нәтижесінде зардап шеккен әлеуметтік сала объектілерін және азаматтардың тұрғын үйлерін қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар»;
13 «Басқалар» функционалдық тобында:
1 «Экономикалық қызметтерді реттеу» кiшi функционалдық тобында:
220 «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі 220 «Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен ауыстырылсын;
«007 Экономика және мемлекеттік басқару саласындағы қолданбалы зерттеулерді жүргізу» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
«007 Экономика, сауда және мемлекеттік басқару саласындағы қолданбалы зерттеулерді жүргізу»;
мынадай мазмұндағы 049 бюджеттік бағдарласымен толықтырылсын:
«049 «Экспорттаушы - 2020» бағыты шеңберінде қазақстандық тауарлардың экспортын сыртқы нарыққа жылжытуға жәрдемдесу»;
233 «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі 233 «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен ауыстырылсын;
090 Қазақстан Республикасының индустриялдық-инновациялық және саудалық даму саласындағы зерттеулер» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
«090 Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық даму саласындағы зерттеулер»;
9 «Басқалар» кiшi функционалдық тобында:
217 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi» бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 004, 042 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
«004 Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу және оның сараптамасы
042 Жаңа бастамаларға арналған шығыстар»;
220 «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі 220 «Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен ауыстырылсын;
«002 Жаңа бастамаларға арналған шығыстар» бюджеттік бағдарламасы алынып тасталсын;
«004 Республикалық бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың, мастер-жоспарлардың, техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және олардың сараптамасы, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
«004 Концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу және оның сараптамасы, концессиялық жобаларды және мастер-жоспарларды консультациялық сүйемелдеу»;
«013 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне «Бизнестің 2020 жылға дейінгі жол картасы» бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша «Бизнестің 2020 жылға дейінгі жол картасы» деген сөздер мен сандар «Бизнестің жол картасы - 2020» деген сөздер мен сандармен ауыстырылсын;
«014 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне «Бизнестің 2020 жылға дейінгі жол картасы» бағдарламасы шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды жетілдіруге берілетін нысаналы даму трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша «Бизнестің 2020 жылға дейінгі жол картасы» деген сөздер мен сандар «Бизнестің жол картасы - 2020» деген сөздер мен сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 015, 016 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
«015 «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдау»
016 «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде қаржылық агент көрсететін қызметтерге ақы төлеу»;
«025 Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту» және 048 «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ кредит беру» бюджеттік бағдарламалары алынып тасталсын;
233 «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі 233 «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен ауыстырылсын;
«001 Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторының бәсекеге қабілеттілігін және оның әлемдік шаруашылық байланыстары жүйесіне кірігуін, отандық тұтынушыны сапасыз өнімдерден қорғауды, елді мекендер мен аумақтардың орнықты дамуын қалыптастыруды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
«001 Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторының бәсекеге қабілеттілігін және оның әлемдік шаруашылық байланыстары жүйесіне кірігуін, отандық тұтынушыны сапасыз өнімдерден қорғауды, елді мекендер мен аумақтарды орнықты дамытуды қалыптастыруды қамтамасыз ету жөніндегі, электроэнергетика, геология, отын-энергетика кешені, көмір өнеркәсіп және атом энергетикасын пайдалану саласындағы істі үйлестіру жөніндегі қызметтер»;
«031 Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігін материалдық-техникалық жарақтандыру» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
«031 Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігін материалдық-техникалық жарақтандыру»;
мынадай мазмұндағы 050, 051 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
«050 Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту
051 Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ кредит беру»;
«265 Облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
«014 Бизнестің 2020 жылға дейінгі жол картасы» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша проценттік ставкаларды субсидиялау» бюджеттік бағдарламасы бойынша «Бизнестің 2020 жылға дейінгі жол картасы» деген сөздер және сандармен «Бизнестің жол картасы - 2020» деген сөздер мен сандармен ауыстырылсын;
«015 Бизнестің 2020 жылға дейінгі жол картасы» бағдарламасы шеңберінде шағын және орта бизнеске кредиттерді ішінара кепілдендіру» бюджеттік бағдарламасы бойынша «Бизнестің 2020 жылға дейінгі жол картасы» деген сөздер мен сандар «Бизнестің жол картасы - 2020» деген сөздер мен сандармен ауыстырылсын;
«016 «Бизнестің 2020 жылға дейінгі жол картасы» бағдарламасы шеңберінде бизнес жүргізуді сервистік қолдау» бюджеттік бағдарламасы бойынша «Бизнестің 2020 жылға дейінгі жол картасы» деген сөздер мен сандар «Бизнестің жол картасы - 2020» деген сөздер мен сандармен ауыстырылсын;
«017 Бизнестің 2020 жылға дейінгі жол картасы» бағдарламасы шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамыту» бюджеттік бағдарламасы 011 «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен», 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» кіші бағдарламаларымен алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 051 бюджеттік бағдарламасы және 011, 015 кіші бағдарламалары бар 271 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
«271 Облыстың құрылыс басқармасы
051 «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамыту
011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
мынадай мазмұндағы 024 бюджеттік бағдарламасы және 011, 015 кіші бағдарламалары бар 279 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
«279 Облыстың Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы
024 «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамыту
011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
281 «Құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 011, 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 058 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«058 «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамыту
011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
364 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
«017 Бизнестің 2020 жылға дейінгі жол картасы» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша проценттік ставкаларды субсидиялау» бюджеттік бағдарламасы бойынша «Бизнестің 2020 жылға дейінгі жол картасы» деген сөздер мен сандар «Бизнестің жол картасы - 2020» деген сөздер мен сандармен ауыстырылсын;
«018 Бизнестің 2020 жылға дейінгі жол картасы» бағдарламасы шеңберінде шағын және орта бизнеске кредиттерді ішінара кепілдендіру» бюджеттік бағдарламасы бойынша «Бизнестің 2020 жылға дейінгі жол картасы» деген сөздер мен сандар «Бизнестің жол картасы - 2020» деген сөздер мен сандармен ауыстырылсын;
«019 Бизнестің 2020 жылға дейінгі жол картасы» бағдарламасы шеңберінде бизнес жүргізуді сервистік қолдау» бюджеттік бағдарламасы бойынша «Бизнестің 2020 жылға дейінгі жол картасы» деген сөздер мен сандар «Бизнестің жол картасы - 2020» деген сөздер мен сандармен ауыстырылсын;
«020 «Бизнестің 2020 жылға дейінгі жол картасы» бағдарламасы шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамыту» бюджеттік бағдарламасы 011 «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен», 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» кіші бағдарламаларымен алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 020 бюджеттік бағдарламасы және 011, 015 кіші бағдарламалары бар 371 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
«371 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы
020 «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамыту
011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
373 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың Құрылыс басқармасы» бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 011, 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 020 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«020 Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамыту
011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
көрсетілген бұйрықтың 2-қосымшасында:
140 «Қызметтер мен жұмыстарды сатып алу» кіші сыныбында:
149 «Өзге де қызметтер мен жұмыстар» ерекшелігінде «Анықтама» деген бағанда үшінші абзацтағы «үй-жайларды,» деген сөздерден кейін «республикалық немесе коммуналдық меншіктегі жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау кәріздеу жүйесін,» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті (А.Н. Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жәмішев