Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.07.27 № 224 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі - Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесiн бекiту туралы» 2002 жылғы 18 желтоқсандағы № 486 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2124 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесiнде:
4-тармақтың бірінші бөлігінде «8» деген цифр «9» деген цифрмен ауыстырылсын;
4-1-тармақ «зейнетақы қорларын қоспағанда)» деген сөздерден кейін «осы Ереженiң 7-қосымшасына сәйкес қағаз және электрондық тасымалдағышта тапсырмасы бойынша қор биржасының сауда жүйесінде «РЕПОны» «тікелей әдіспен» ашу операциясы жүргізілген брокердің шоттарындағы клиенттердің активтер қалдықтарының құны туралы есептi» деген сөздермен толықтырылсын;
6-қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
7-қосымшасының:
«
№ |
1 |
... |
»
бағаннан кейін ««___» _________________ жағдай бойынша тапсырмасы бойынша қор биржасының сауда жүйесiнде «репоны» «тiкелей әдiспен» ашу операциясы жүргiзiлген брокердiң шоттарындағы клиенттердiң активтер қалдықтарының құны туралы есеп (бағалы қағаздар нарығында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымның атауы)» деген кестесі:
мынадай мазмұндағы бағанмен толықтырылсын:
«
Клиенттің атауы |
»;
9-қосымшасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес редакцияда толықтырылсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж.Хаджиева):
1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, «Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы» заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
4. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Төрайым Е.Бахмутова
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2010 жылғы 30 сәуірдегі
№ 60 қаулысының 1-қосымшасы
«Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар
рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi
жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп
беру ережесiнің 6-қосымшасы
Нысан
___________ ____________ дейiнгi кезең iшiнде туынды
қаржы құралдарымен жасалған мәмiлелер туралы есеп
(бағалы қағаздар нарығында брокерлiк және дилерлiк қызметтi
жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымның атауы)
№ |
Мәмiленi жасасу күнi1 |
Туынды қаржы құралының түрi2 |
Бағалы қағаздың сәйкестендіру нөмірі3 |
Нарық3 |
Базалық актив және оның рейтингi4 |
Контрагент және оның рейтингi5 |
Мәмiленiң талаптарын сипаттау |
||||
Мәміле түрі |
Қаржы құралдарының саны |
Мәміле бағасы |
Мәміле көлемі |
Мәміле валютасы |
|||||||
1 |
|||||||||||
2 |
|||||||||||
... |
кестенің жалғасы
Хеджирлеу объектісі7 |
Мәмiлеге кiм ретiнде қатысты8 |
Клиент тапсырысын тiркеудiң нөмiрi, күнi және уақыты8 |
Клиент және оның резиденттiк елi10 |
Ескерту |
Басшы
(есепке қол қоюға уәкілетті
тұлға) (қолы) Тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)
Бас бухгалтер
(есепке қол қоюға уәкілетті
тұлға) (қолы) Тегi, аты, әкесiнiң аты
(бар болса)
мөр орны
Орындаушы (қолы, телефон нөмірі) Тегi, аты, әкесiнiң аты
(бар болса)
Ескерту:
1. «Күнi, айы, жылы» форматында мәмiленi жасасу күнi көрсетiледi.
2. Туынды қаржы құралының түрi көрсетiледi (опцион, фьючерс, форвард, своп және басқа туынды қаржы құралдары).
3. Бағалы қағаз туынды қаржы құралының базалық активi болып табылған жағдайда көрсетіледі.
4. Сауда жүйесiнде мәмiле жасалған қор биржасының атауы және «қор биржасының атауы/елi» форматында оның резиденттiк елi не мәмiле «ұйымдастырылмаған нарық» форматында қор биржасында жасалмағаны көрсетiледi.
5. Туынды қаржы құралының базалық активi (бағалы қағаздың және эмитентiнiң атауы, валютасы, пайыздық ставкасы, тауар және басқа базалық активтер) және «базалық актив/рейтинг (рейтингтiк агенттiк)» форматында рейтингтiк агенттiк берген (бар болса) базалық активiнiң рейтингi көрсетiледi. Егер базалық активте рейтингтер болмаған жағдайда, онда базалық актив және «базалық актив/рейтингi жоқ» форматында рейтингi жоқтығы көрсетiледi.
6. Егер мәмiле қор биржасында жасалмаса, онда контрагент, оның резиденттiк елi, сондай-ақ «контрагент/елi/рейтинг (рейтингтiк агенттiк)» форматында осы контрагентке берiлген рейтинг көрсетiледi. Егер контрагентте рейтинг болмаса, онда «контрагент/елi/рейтингi жоқ» форматында ақпарат көрсетiледi.
7. Егер мәмiле хеджирлеу мақсатымен жасалса, «иә» деген сөз және «иә/хеджирлеу объектiсiнiң деректемелерi» форматында хеджирлеу объектiсiнiң деректемелерi (бағалы қағаздың сәйкестендiру нөмiрi, саны, құны, көлемi, валютасы) көрсетiледi. Егер мәмiле хеджирлеу мақсатымен жасалмаса, «жоқ» деген сөз көрсетiледi.
8. Егер бағалы қағаздар нарығында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйым брокер ретiнде болса, «В» белгiсi көрсетiледi.
Егер бағалы қағаздар нарығында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйым дилер ретiнде болса, «D» белгiсi көрсетiледi.
9. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қоры, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым немесе бағалы қағаздар нарығында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар инвестициялық қордың басқарушы компаниясы (инвестициялық қордың активтерi есебiнен) брокерлiк қызмет аясында мәмiле жасасқан жағдайда, инвестициялық комитеттiң мәмiле жасалғаны жөнiндегi қабылдаған инвестициялық шешiмiнiң нөмiрi мен күнi көрсетiледi.
10. Егер бағалы қағаздар нарығында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйым брокер ретiнде болса, «Клиенттiң коды/елi» форматында «Клиент және оның резиденттiк елi» деген бағана толтырылады. Бұл ретте мәмiле олардың есебiнен және мүддесi бойынша жасалған брокер клиенттерiнiң кодтары көрсетiледi:
№ |
Клиент |
клиенттiң 5 мәндi коды |
1. |
Заңды тұлға (Қазақстан Республикасының резидентi) |
JURRZ |
2. |
Жеке тұлға (Қазақстан Республикасының резидентi) |
FIZRZ |
3. |
Заңды тұлға (резидент емес) |
JURNN |
4 |
Жеке тұлға (резидент емес) |
FIZNN |
5. |
Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым/жинақтаушы зейнетақы қоры (зейнетақы активтерi) |
PFDPA |
6. |
Жинақтаушы зейнетақы қоры (меншiктi активтер) |
PFDOA |
7. |
Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банкi |
STBNK |
8. |
Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымы |
INSOR |
9. |
Инвестициялық қор |
INVFD |
10. |
Бағалы қағаздар нарығында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйым – меншiктi активтер (зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымды, жинақтаушы зейнетақы қорын, Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банкiн қоспағанда) |
Сауда-саттықты ұйымдастырушы берген бес мәндiк код |
Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорлар және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын, бағалы қағаздар нарығында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдар зейнетақы активтерi есебiнен мәмiлелердi жасасқанда, осы бағанды толтырмайды.».
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын
және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 30
сәуірдегі № 60 қаулысының 2-қосымшасы
«Қазақстан Республикасының бағалы
қағаздар рыногында брокерлiк және
дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға
лицензиялары бар ұйымдардың
есеп беру ережесiнің
9-қосымшасы
Нысан
«___» ________________ жағдай бойынша
брокердің шоттарындағы брокердің және клиенттердің
меншікті шоттарындағы ақша қалдықтары туралы есеп
(бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік
қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымның атауы)
Жиынтығы |
Меншікті ақша қалдығы |
Клиенттердің шоттарындағы ақша қалдығы |
Басшы
(есепке қол қоюға уәкiлеттi тұлға) (қолы) Тегi, аты, әкесiнiң
аты (бар болса)
Бас бухгалтер
(есепке қол қоюға уәкiлеттi тұлға) (қолы) Тегi, аты, әкесiнiң
аты (бар болса)
мөр орны
Орындаушы (қолы, телефон нөмiрi) Тегi, аты, әкесiнiң
аты (бар болса)"