«Амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде халыққа тегін және жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 4 қыркүйектегі № 446 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 20 мамырдағы N 361 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 15 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6291 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 Бұйрығымен.

      Ескерту. 2012.01.01 бастап күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011.11.04 № 786 (6-тармақты қараңыз) Бұйрығымен.

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 88-бабына сәйкес, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде халыққа тегін және жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 4 қыркүйектегі № 446 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 21 қыркүйекте № 5799 тіркелген, 2009 жылы 16 қазанда "Заң газетінде" № 158 (1581) жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
      1,0 өтеу коэффициентімен, белгілі бір аурулары (жай-күйлері) және мамандандырылған емдік-өнімдерімен амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде халыққа тегін және жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбесінде:
      «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен ағымдағы нысаналы
трансферттер түрінде (субвенциялар)» деген 1-тарау мынадай мазмұндағы
жаңа жолмен толықтырылсын:   

Барлық санаттар

Гемобластоздар мен апластикалық анемияны қоса алғандағы онкологиялық аурулар

Цитарабин, лиофилизат/инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилденген ұнтақ 100мг


Психикалық аурулар

Амисульприд, 100 мг, 200 мг таблетка, қабықшамен қапталған таблетка 400 мг
Рисперидон, 1 мг, 2 мг, 3 мг, 4 мг таблетка; ішке қолдану үшін ерітінді 1 мг/мл, 30 мл 1 мг/мл

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Баймұқанов С.А.) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі С.З. Қайырбековаға жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                   Ж. Досқалиев

О внесении дополнения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 4 сентября 2009 года № 446 "Об утверждении Перечня лекарственных средств и изделий медицинского назначения для бесплатного и льготного обеспечения населения в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи на амбулаторном уровне"

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 20 мая 2010 года № 361. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 15 июня 2010 года № 6291. Утратил силу приказом и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 4 ноября 2011 года № 786

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра здравоохранения РК от 04.11.2011 № 786 (вводится в действие с 01.01.2012).

      В соответствии со статьей 88 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения", в целях совершенствования системы лекарственного обеспечения населения в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 4 сентября 2009 года № 446 "Об утверждении Перечня лекарственных средств и изделий медицинского назначения для бесплатного и льготного обеспечения населения в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи на амбулаторном уровне" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5799, опубликованный в "Юридической газете" 16 октября 2009 года № 158 (1755)) следующее дополнение:
      в приложении 1 к указанному приказу:
      в Перечне лекарственных средств и изделий медицинского назначения для бесплатного и льготного обеспечения населения в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи на амбулаторном уровне с определенными заболеваниями (состояниями) и специализированными лечебными продуктами, с коэффициентом возмещения 1,0:
      раздел 1 "За счет средств местных бюджетов:" дополнить наименованиями лекарственных средств, следующего содержания:

Все категории

Онкологические
заболевания,
включая
гемобластозы и
апластическую
анемию

Цитарабин,
лиофилизат/порошок
лиофилизированный для
приготовления раствора для
инъекций 100 мг



Психические
заболевания

Амисульприд, таблетки
100 мг, 200 мг, таблетки
покрытые оболочкой 400 мг
Рисперидон, таблетки 1 мг,
2 мг, 3 мг, 4 мг; раствор
для приема внутрь 1 мг/мл,
30 мл 1 мг/мл

      2. Комитету контроля медицинской и фармацевтической деятельности Министерства здравоохранения Республики Казахстан (Баймуканов С.А.) направить настоящий приказ на государственную регистрацию в Министерство юстиции Республики Казахстан в установленном законодательством порядке.
      3. Департаменту административно-правовой работы (Бисмильдин Ф.Б.) направить настоящий приказ на официальное опубликование в средствах массовой информации после его государственной регистрации.
      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра здравоохранения Республики Казахстан Каирбекову С.З.
      5. Настоящий приказ вводиться в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Министр                                    Ж. Доскалиев