Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.03.2013 № 126-ө-м бұйрығымен (01.05.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін өтініштің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 15 маусымдағы № 136-Ө бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2940 тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін өтініштің нысанында:
тақырыптың оң жақ жоғарғы бұрышы «министрлігі» деген сөзден кейін «Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің» деген сөздермен толықтырылсын;
«Келесі құжаттар қоса тіркеледі: («Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңының 21, 22, 23, 23-1, 23-2-баптарына сәйкес құжаттар тапсырылады)» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Зейнетақы төлемдерін алушы екенімді/емес екенімді хабарлаймын (қажет емесі сызылып тасталсын)
(егер болса, төлемінің түрін көрсетсін)».
2. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қамсыздандыру және сақтандыру департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ә. Нүсіповаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Г. Әбдіқалықова