Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихтының 2011.06.26 N 466/65-IV шешімімен
«Қазақстан Республикасы елордасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5-тармақшасын басшылыққа ала отырып, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтықтастық ұйымы саммитін ұйымдастыру және өткізу мақсатында, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Астана қаласында демалыс күндері 2010 жылғы 27 қараша сенбі күні мен 28 қараша жексенбі күнін 1-2 желтоқсан сәрсенбі және бейсенбі күндеріне ауыстырылсын.
2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы М. Шекенов
Астана қаласы мәслихатының
хатшысы В. Редкокашин