Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2011.04.06 № А-3/112 қаулысымен.
«Жекешелендіру туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақмола облысы әкімдігінің «Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік нысандарының тізбесін бекіту туралы» 2008 жылғы 17 сәуірдегі № А-3/134 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3250 болып тіркелген, 2008 жылғы 20 мамырда «Арқа ажары» газетінде және 2008 жылғы 20 мамырда «Акмолинская правда» газетінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік нысандарының тізбесі:
келесі мазмұндағы реттік нөмірлері 135, 136 жолдарымен толықтырылсын:
«
135 |
Пансионат қонақ-үй ғимараты |
Бурабай ауданы, «Золотой бор» туристік база аумағы |
«Ақмола облысының ішкі істер департаменті» ММ |
136 |
«Шортанды ауданның № 9 орталық дәріханасы» ЖШС-нің жарғылық капиталында 100% мемлекеттік қатысу үлесі |
Шортанды ауданы, Шортанды кенті, Пионерская көшесі, 7 үй |
«Шортанды ауданның |
».
2. Осы қаулы Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі С.Дьяченко