Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2010 жылғы 13 мамырдағы № А-5/176 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 4 маусыда № 3360 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2011 жылғы 4 тамыздағы № А-7/295 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2011.08.04 № А-7/295 қаулысымен
      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 259 қаулысымен бекітілген Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттерін және республикалық ұйымдарға бөлінетін қаражатты пайдалану ережесіне, Ақмола облыстық мәслихатының 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 4С-19-2 «2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы», Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3342 болып тіркелген шешіміне сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың нысаналы топтарының ішінен жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылсын (бұдан әрі – әлеуметтік жұмыс орындары).
      2. Жұмыссыздардың келісімі бойынша, алты айға дейінгі мерзімге уақытша жұмыс орнын беру жолымен жұмыс берушілердің өкілетті органға берілген өтініштеріне сәйкес, мекемелер мен ұйымдарда әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылады.
      3. Ағымдағы нысаналы трансферттерден қаржыландырылатын, әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасқан жұмыссыздың еңбекақысы айына 20 (жиырма) мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
      Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасқан жұмыссыздың еңбекақы шығындары, жергілікті бюджет қаражатынан және жұмыс берушімен айына ең төменгі еңбекақыдан 50% көлемінде төленеді.
      4. Осы қаулы 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға тарайды.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Қ.Қайнарбековке жүктелсін.
      6. Осы қаулы Ақмола облысы әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі                     С.Дьяченко

Об организации социальных рабочих мест

Постановление акимата Акмолинской области от 13 мая 2010 года № А-5/176. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 4 июня 2010 года № 3360. Утратило силу - постановлением акимата Акмолинской области от 4 августа 2011 года № А-7/295

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата Акмолинской области от 04.08.2011 № А-7/295
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О занятости населения», Правилами использования целевых текущих трансфертов и целевых трансфертов на развитие областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы и средств, выделяемых республиканским организациям в рамках стратегии региональной занятости и переподготовки кадров, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 марта 2010 года № 259, решением маслихата Акмолинской области от 10 декабря 2009 года № 4С-19-2 «Об областном бюджете на 2010-2012 годы», зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3342, акимат области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Организовать социальные рабочие места для трудоустройства безработных из целевых групп населения (далее - социальные рабочие места).
      2. Социальные рабочие места организуются в учреждениях и организациях, согласно поданных заявлений работодателей в уполномоченный орган путем предоставления временных рабочих мест сроком до шести месяцев, по согласию безработных.
      3. Определить оплату труда безработного, трудоустроенного на социальное рабочее место, финансируемое из целевых текущих трансфертов, в размере 20 (двадцать) тысяч тенге.
      Расходы на оплату труда безработного, трудоустроенного на социальное рабочее место, оплачиваются из средств местного бюджета и работодателем в размере по 50 % от минимальной заработной платы в месяц.
      4. Настоящее постановление распространяется на правоотношения, возникшие с 1 января 2010 года.
      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Кайнарбекова А.К.
      6. Настоящее постановление вступает в силу со дня регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Аким Акмолинской области                   С.Дьяченко