Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 15.11.2012 № А-12/541 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақмола облысы әкімдігінің «Ақмола облысының мекен-жайлық тіркелімінде тіркеу тәртібі және мекен-жай құрылымы туралы ережелерді бекіту туралы» 2007 жылғы 30 қаңтардағы № А-2/31 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3214 болып тіркелген, 2007 жылдың 15 наурызында «Арқа ажары» газетінде және 2007 жылдың 20 наурызында «Акмолинская правда» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
преамбулада:
«мемлекеттік басқару» сөздерінен кейін «және өзін-өзі басқару» сөздерімен толықтырылсын;
«Ақмола облысында "электрондық әкімдік" қалыптастырудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 29 қыркүйектегі № 3С-22-10 шешімін жүзеге асыру мақсатында» сөздері алынып тасталсын;
2-тармақтағы «А.Қ.Нұрғалиевке» сөздері «Қ.Қ.Айтмұхаметовке» сөздеріне ауыстырылсын;
Жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Ақмола облысының мекен-жайлық тіркелімінде тіркеу тәртібі және мекен-жай құрылымы туралы ережелерінде:
«мемлекеттік басқару» сөздерінен кейін «және өзін-өзі басқару» сөздерімен толықтырылсын;
«Ақмола облысында "электрондық әкімдік" қалыптастырудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 29 қыркүйектегі № 3С-22-10 шешімін жүзеге асыру мақсатында» сөздері алынып тасталсын.
2. Ақмола облысы әкімдігінің «Ақмола облысы аумағындағы елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау, жер учаскелеріне, ғимараттар мен имараттарға реттік нөмірлер беру талаптарын белгілеу ережелерін бекіту туралы» 2007 жылғы 30 қаңтардағы № А-2/32 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3215 болып тіркелген, 2007 жылдың 17 наурызында «Арқа ажары» газетінде және 2007 жылдың 6 наурызында «Акмолинская правда» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
преамбулада:
«мемлекеттік басқару» сөздерінен кейін «және өзін-өзі басқару» сөздерімен толықтырылсын;
«Ақмола облысында "электрондық әкімдік" қалыптастырудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 29 қыркүйектегі № 3С-22-10 шешімін жүзеге асыру мақсатында» сөздері алынып тасталсын;
2-тармақтағы «А.Қ.Нұрғалиевке» сөздері «Қ.Қ.Айтмұхаметовке» сөздеріне ауыстырылсын;
Жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Ақмола облысы аумағындағы елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау, жер учаскелеріне, ғимараттар мен имараттарға реттік нөмірлер беру талаптарын белгілеу ережелерінде:
«мемлекеттік басқару» сөздерінен кейін «және өзін-өзі басқару» сөздерімен толықтырылсын;
«Ақмола облысында "электрондық әкімдік" қалыптастырудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 29 қыркүйектегі № 3С-22-10 шешімін жүзеге асыру мақсатында» сөздері алынып тасталсын;
1-тараудың 1-тармағы он жетінші азат жолымен келесі мазмұнда толықтырылсын:
«тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық органы – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті әкімдікпен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;»;
2-тараудың 2-тармағы келесі мазмұнда 3)-тармақшамен толықтырылсын:
«3) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық органдары.»;
3-тармақтың төртінші, жетінші, сегізінші және тоғызыншы азат жолдары алынып тасталсын;
келесі мазмұндағы 4-1-тармағымен толықтырылсын:
«4-1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық органдарының мынадай өкілеттіктері бар:
тілдерді дамыту органымен Ақмола облысының қалалары мен басқа елді мекендерінің көшелері көрсеткіштерінің, ғимараттар мен имараттардың реттік нөмірі көрсеткіштерінің, көше атауларының бұрыштық көрсеткіштерінің нобайын мемлекеттік және орыс тілдерінде келісуге;
ғимараттар мен имараттардың реттік нөмірі көрсеткіштерінің жағдайын, ғимараттар мен имараттардың қасбеттерінде көшелер мен шағын аудандар атауларының көрсеткіштерін, тоғысуында белгіленген көшелердің көше атауларының бұрыштық көрсеткіштерін бақылауға;
ғимараттар мен имараттардың реттік нөмірлер көрсеткіштерінің жоғалу, бұзылу, механикалық сыну деректері, көше атауларының бұрыштық көрсеткіштері анықталғанда және жоғалған немесе бұзылған көрсеткіштерді ауыстыруға тиісті тұлғалармен қабылданбаған деректер белгіленгенде Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес шаралар қолдануға;
осы Ережелердің 6-тарау 1-параграфының 49-тармақшасында қарастырылған жағдайлардан басқа көше атауларының бұрыштық көрсеткіштерін қондыруды, сондай-ақ оларды жөндеуді қамтамасыз етуге.
3-тараудың 6-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«6. Атау беру мынадай кезеңдермен жүргізіледі:
1) сәулет органы тілдерді дамыту органына қаланың немесе басқа елді мекен атаулары берілмеген, не болмаса кеңістік орналасу элементтері сызбасының қосымшасы мен атаулары ұқсас бөліктерінің тізбесін жібереді. Аталған тізбемен бірге сәулет органы сол жерлерде орналасқан жылжымайтын мүлік көшелердің тізбесін ұсынады;
2) тілдерді дамыту органы облыстық маңызы бар қалалар, аудандық маңызы бар қалалар әкімдіктеріне, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округ әкімдеріне қалалар не басқа елді мекендер құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы мәселені қарауға енгізеді;
3) облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктері, аудандық маңызы бар қалалар, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі қалалар не басқа елді мекендер құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау мақсатында тіл саясатын үйлестіруші маманның қатысуымен елді мекендерде азаматтардың жиынтығын шақырады;
4) облыстық маңызы бар қалалар, аудандар әкімдіктері облыстық маңызы бар қалалар, аудандардың мәслихатымен бірге облыстық, аудандық маңызы бар қалалардың құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы шешімдерін қабылдайды;
5) кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдері елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы шешімдерін қабылдайды;
6) сәулет органдары қалалар мен басқа елді мекендердің жеке нысандарына реттік нөмірлер беру не өзгерту туралы бұйрық шығарады.»;
24, 25-тармақтар алынып тасталсын;
47-тармақтың:
2)-тармақшасындағы:
«сәулет» сөзі «тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» сөздерімен ауыстырылсын;
«облыстық және қалалық» сөздері «база деректерінен сәулет органдарымен берілген» сөздерімен ауыстырылсын;
48-тармағындағы «мемлекеттік» сөзі «жергілікті» сөзімен ауыстырылсын;
69-тармақтың:
«ұстауға міндетті» сөздері «ұстайды» сөзімен ауыстырылсын;
70-тармақтың:
«меншік иелері (баланс ұстаушылар) ауыстыруы қажет» сөздері «меншік иелері (баланс ұстаушылар) ауыстырады» сөздерімен ауыстырылсын;
71-тармақтың:
«қамтамасыз етуі қажет» сөздері «қамтамасыз етеді» сөздерімен ауыстырылсын;
72-тармақтың:
«сәулет органының» сөздерінен кейін «шешімі» сөзі «бұйрығы» сөзімен ауыстырылсын;
74-тармақ алынып тасталсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.Қ.Айтмұхаметовке жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі С.Дьяченко