Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңдарына сәйкес Атбасар ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Тіркеу жылында он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды 2011 жылғы қаңтар-наурыз айларында шақыру учаскесіне әскери есепке қою үшін «Ақмола облысы Атбасар қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Ж.Ғ.Қаженовқа жүктелсін.
3. Осы шешім Атбасар ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады
Атбасар ауданының әкімі Р. Әубәкіров
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақмола облысы Атбасар
қаласының қорғаныс істері
жөніндегі біріктірілген бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Ж. Қарқынбаев