Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 30.10.2014 № 1106 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережеге сәйкес, Еңбекшілдер ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2011 жылдың қаңтар-наурызында тіркеуден өткізілетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды «Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақырту учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін (келісім бойынша).
2. Еңбекшілдер ауданы әкімінің «2010 жылдың қаңтар-наурызында тіркеу өткізілетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды «Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» 2010 жылғы 19 қаңтардағы № 3 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-10-108 тіркелген, 2010 жылғы 19 ақпанда аудандық «Жаңа дәуір» газетінде және 2010 жылғы 20 ақпанда аудандық «Сельская новь» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Ш. Шаяхметовке жүктелсін.
4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және аудандық «Жаңа дәуір»-«Сельская новь» газетінде ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Еңбекшілдер ауданының әкімі Т.Хамитов
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Б.Есімов