Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2011.03.29 № 36/3 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабының 3 тармағының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» қаулысының 2 тармағына сәйкес, Есіл ауданы әкімінің 2010 жылғы 12 шілдедегі № 01/и-872 хатын қарап, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Есіл ауданының ауылдық елді мекендеріне 2010 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына келесі әлеуметтік қолдау шаралары белгіленсін:
1) көшуге берілетін жәрдемақы жетпіс айлық есептік көрсеткішке тең мөлшерде;
2) тұрғын үй алу үшін әлеуметтік қолдау – алты жүз отыз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде бюджеттік кредит.
2. Осы шешім Ақмола облысы Есіл аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы Т.Осипова
Аудандық мәслихат
хатшысы С.Құдабаев
КЕЛІСІЛДІ
Есіл ауданының әкімі С. Ерин
Ауданның экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі
бастығының міндетін атқарушы А. Ильгундинова