Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2011.01.14 № а-0/33 қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, сондай-ақ «Ақмола облыстық мәслихатынан шыққан депутаттардың орнына депутаттарды сайлауды белгілеу туралы» Ақмола облыстық сайлау комиссиясының 2010 жылғы 23 тамыздағы № 11 шешіміне сәйкес, Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп, № 1, № 7 сайлау округтері бойынша Жақсы аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттар үшін Жақсы ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар, қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жақсы ауданы әкімінің орынбасары А.Д.Бралинаға жүктелсін.
3. Осы қаулы Жақсы ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жақсы ауданы әкімінің
міндетін атқарушы С.Өтешев
КЕЛІСІЛДІ
Жақсы аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Қ.Дүзелбаев