Жақсы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы

Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 18 қазандағы № ВС-28-3 шешімі. Ақмола облысы Жақсы ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 26 қарашада № 1-13-120 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 5С-4-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2012.04.24 № 5С-4-3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жақсы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Жақсы аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 11 наурыздағы № С-7-4 «Отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстаудың (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметті тұтынудың төлеміне тұрғын үй көмегін көрсетудің Ережесін» бекіту туралы шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемелекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-13-71 тіркелген, 2008 жылдың 18 сәуірдегі «Жақсы жаршысы» аудандық газетінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
      3. Осы шешім Жақсы ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың жиырма
      сегізінші, кезектен тыс
      сессиясының төрағасы                       Б.Жанәділов

      Жақсы аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        Б.Жанәділов

      КЕЛІСІЛГЕН

      Жақсы ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы                          С.Өтешев

      «Жақсы ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Л.Сейдахметова

      «Жақсы ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Қ.Дүзелбаев

Жақсы аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 18 қазандағы
№ ВС-28-3 шешімімен
БЕКІТІЛДІ

Жақсы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету
ЕРЕЖЕСІ

      Осы тұрғын үй көмегін көрсету ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес әзірленді және аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындаудың тәртібін анықтайды.

1. Жалпы ереже

      1. Тұрғын үй көмегі – жергілікті бюджет қаражаты есебінен Жақсы ауданының аумағында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға):
      жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға;
      тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
      байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;
      жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге отбасыларға (азаматтарға) беріледі.
      Аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) тұрған үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының бір айда кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының орташа айлық жиынтық кірісіне 11 пайыз көлемінде белгіленеді.
      Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну белгіленген үй көлемінің нормасынан артығын жалпыға бірдей төленеді.
      2. Өтемақы шарамен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мөлшерде, бірақ республикада бір адамға қолданылатын санитариялық нормадан кем емес тұрғын алаң және кемінде бір тұрғын бөлме мөлшерінде алынады.
      3. Тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеу бойынша уәкілетті орган «Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекеме болып анықталады, бюджеттік қаражатты бөлу  бойынша уәкілетті орган «Жақсы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекеме анықталады, тұрғын үй көмегін төлеу бойынша уәкілетті ұйым «Қазпошта» акционерлік қоғамы Ақмола облысы филиалының Жақсы аудандық пошта байланыс торабы анықталады.

2 Тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеу

      4. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), жеке меншігінде бір бірліктен артық үйі бар (пәтер, үй) немесе тұрғын жайды жалға берген (қосымша жалға) отбасылар (азаматтар), сонымен катар отбасында еңбекке жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқу орнының күндізгі бөлімінде оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген (күтімге мұқтаж тұлғаларға күтім көрсететіндер басқа) мүшелері бар отбасылардан басқаларға тағайындалады.
      Коммуналдық тұрғын үйде тұратындар үшін жылытуға шығын жоспарлы есептеу бойынша алынады, әрі нақты төлеген төлем бойынша қайта есептеледі.
      Үйде жылытылатын жеке үйде тұратындарға тұрғын үй көмегі жылына бір рет көрсетіледі, сонда отын нормасы біржолғы деп алынады. Отын шығыны айына 1 квадраттық метрге 49,75 килограмм көлемінде есептеледі, алайда отбасыға жылына бес тонна көмірден артық емес.
      Көмірдің құнын есептеу үшін тұрғын үй көмегін алдағы тоқсанға тағайындау өткен тоқсандағы Жақсы аудандық статистика бөлімінің ұсынған аудан бойынша орта бағасы пайдаланылады.
      Тұрғын үй көмегінің көлемі тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтынуға нақты есептелген төлеу сомасынан артық болуы мүмкін емес.
      Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
      Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге төлеу тарифі өзгергенде, отбасының кірісі өзгергенде тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган бұрын есептелген тұрғын үй көмегіне қайта есептеу жүргізеді.
      5. Тұрғын үй көмегін тұрғын үй иесінің немесе жалдаушының (қосымша жалдаушының) өтініші және оған тіркелген құжаттардың негізінде тағайындалады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттардың көшірмесі;
      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      4) отбасы табысын растайтын құжаттар;
      5) коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
      Құжаттардың көшірмелері салыстыру үшін түп нұсқалармен бірге тапсырылады, одан соң түп нұсқалар өтініш берушіге қайтарылады.
      Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу шығынының өтемақысына құқығы бар отбасылар (азаматтар) осы Ереженің 5 тармағында қарастырылған құжаттардан басқа:
      1) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған мақсатты жарнаның көлемі туралы шот;
      2) жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектісін басқару органы басшының қолымен расталған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот тапсырады.
      Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтері шығынының өтемақысына құқығы бар отбасылар (азаматтар) осы Ереженің 5 тармағында қарастырылған құжаттардан басқа:
      1) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесін тапсырады.
      Жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысы шығынына өтемақыға құқығы бар отбасылар (азаматтар) осы Ереженің 5 тармағында қарастырылған құжаттардан басқа:
      1) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шотты тапсырады.
      Қайта өтініш бергенде 1,2,3 тармақшалардағы құжаттар өзгерістер пайда болғанда тапсырылады.
      6. Тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеу бойынша уәкілетті орган тағайындайды, орган өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған күннен бастап 15 күн ішінде қарайды және тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешім шығарады немесе тағайындаудан бас тартады.
      Тұрғын үйді тағайындау мен төлеу бойынша уәкілетті органы шешім қабылдағаннан кейін өтініш берушіге қабылданған шешім туралы жазбаша хабарлайды.
      7. Ақпараттың сенімділігіне күмән келген жағдайда тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеу бойынша уәкілетті орган тексеріс жүргізуге уәкілетті органдарға өтініш беруге құқылы.
      8. Тұрғын үй көмегінің көлемі жеке меншік иесінің немесе жалдаушының (қосымша жалдаушы) өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы шегінде, тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді пайдалану үшін нақты төлемінің және осы отбасының осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде есептеледі.
      9. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем түрінде белгіленеді. Тұрғын үй көмегі бюджеттік қаражатты бөлу бойынша уәкілетті органның қаржыландыруына байланысты тоқсанға (құқығы бар жағдайда) толық жүргізіледі.
      Төлем аудандық бюджеттен осы мақсатқа бөлінген қаражаттың есебінен азаматтардың жинақтау шотына аудару жолымен тұрғын тұрғын үй көмегін беру бойынша уәкілетті ұйыммен жүзеге асырылады.

3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың)
жиынтық кірісін есептеу

      Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысы тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеу бойынша уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін тағайындауға өтiнiш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы жиынтық табысы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрiнiң 2009 жылғы 28 шiлдедегi N 237-ө бұйрығымен екітілген мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудiң Ережесiнің негізінде есептеледі.

Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи в Жаксынском районе

Решение Жаксынского районного маслихата Акмолинской области от 18 октября 2010 года № ВС-28-3. Зарегистрировано Управлением юстиции Жаксынского района Акмолинской области 26 ноября 2010 года № 1-13-120. Утратило силу - решением Жаксынского районного маслихата Акмолинской области от 24 апреля 2012 года № 5С-4-3

      Сноска. Утратило силу - решением Жаксынского районного маслихата Акмолинской области от 24.04.2012 № 5С-4-3 (вводится в действие со дня официального опубликования)

      В соответствии со статьей 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года «О жилищных отношениях», статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи», районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить Правила предоставления жилищной помощи в Жаксынском районе согласно приложению.
      2. Признать утратившим силу решение Жаксынского районного маслихата от 11 марта 2008 года № С-7-4 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи семьям (гражданам) на оплату содержания жилища (кроме содержания индивидуального дома) и потребления коммунальных услуг» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 1-13-71, опубликовано 18 апреля 2008 года в районной газете «Жаксынский вестник»).
      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в управлении юстиции Жаксынского района и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель внеочередной
      двадцать восьмой сессии
      районного маслихата                        Б.Джанадилов

      Секретарь сессии
      Жаксынского районного
      маслихата                                  Б.Джанадилов

      СОГЛАСОВАНО

      Исполняющий обязанности
      акима Жаксынского района                   С.Утишев

      Начальник государственного
      учреждения «Отдел занятости
      и социальных программ
      Жаксынского района»                        Л.Сейдахметова

      Начальник государственного
      учреждения «Отдел экономики
      и бюджетного планирования
      Жаксынского района»                        К.Дузелбаев

УТВЕРЖДЕНЫ
решением Жаксынского
районного маслихата
от 18 октября 2010 года № ВС-28-3

ПРАВИЛА
предоставления жилищной помощи в Жаксынском районе

      Настоящие Правила предоставления жилищной помощи (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года «О жилищных отношениях», Постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512 «О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам», Постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи» и определяют порядок назначения жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам).

1. Общие положения

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим на территории Жаксынского района для возмещения затрат по оплате:
      капитального ремонта и (или) взносов на накопление средств на капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах) или являющимися нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;
      потребления коммунальных услуг семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;
      услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища в порядке установленном законодательством в области связи;
      арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.
      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.
      Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты капитального ремонта и (или) взносов на накопление средств на капитальный ремонт общего имущества объектов кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем в пределах норм и предельно допустимого уровня расходов семьи на эти цели, установленных местными представительными органами.
      Доля предельно допустимого уровня расходов семьи в месяц на капитальный ремонт и (или) взносы на накопление средств на капитальный ремонт общего имущества кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем устанавливается к совокупному доходу семьи в размере 11 процентов.
      Оплата содержания жилища и потребления коммунальных услуг сверх установленной нормы площади производится на общих основаниях.
      2. Площадь жилья, обеспечиваемая компенсационными мерами принимается в размере, определяемом Правительством Республики Казахстан, но не менее санитарной нормы жилой площади на человека, действующей в республике, и не менее одной жилой комнаты.
      3. Уполномоченным органом по назначению и выплате жилищной помощи определено государственное учреждение «Отдел занятости и социальных программ Жаксынского района», уполномоченным органом по распределению бюджетных средств определено государственное учреждение «Отдел экономики и бюджетного планирования Жаксынского района», уполномоченной организацией по выдаче жилищной помощи определен Жаксынский районный узел почтовой связи Акмолинского областного филиала акционерного общества «Казпочта».

2. Назначение и выплата жилищной помощи

      4. Жилищная помощь назначается малообеспеченным семьям (гражданам), за исключением семей (граждан), имеющих в частной собственности более одной единицы жилья (квартиры, дома) или сдающих жилые помещения в наем (поднаем), а также семей, трудоспособные члены которых не работают, не учатся по дневной форме обучения, не служат в армии и не зарегистрированы в отделе занятости в качестве безработных (кроме осуществляющих уход за лицами, нуждающимися в уходе).
      Расходы на отопление для проживающих в коммунальном жилище берутся в плановом начислении с последующим перерасчетом по фактической оплате.
      Жилищная помощь проживающим в индивидуальном доме с печным отоплением предоставляется 1 раз в год, при этом норма топлива берется единовременно. Расход топлива на 1 квадратный метр учитывается в размере 49,75 килограммов в месяц, но не более пяти тонн угля на семью в год.
      Для расчета стоимости угля использовать средние цены по району, предоставляемые Жаксынским районным отделом статистики по состоянию за квартал, предшествующий кварталу назначения жилищной помощи.
      Размер жилищной помощи не может превышать сумму фактически начисленной платы за содержание жилища и потребления коммунальных услуг.
      Назначение жилищной помощи производится на текущий квартал с месяца обращения.
      При изменении тарифов на оплату содержания жилья и коммунальных услуг, изменении доходов семьи, уполномоченный орган по назначению и выплате жилищной помощи производит перерасчет ранее начисленной жилищной помощи.
      5. Жилищная помощь назначается на основании заявления собственника или нанимателя (поднанимателя) жилья и прилагаемых к нему документов:
      1) копии документа, удостоверяющего личность заявителя;
      2) копии правоустанавливающего документа на жилище;
      3) копии книги регистрации граждан;
      4) документы, подтверждающие доходы членов семьи;
      5) счета на потребление коммунальных услуг.
      Копии документов предоставляются с подлинниками для сверки, после чего подлинники документов возвращаются заявителю.
      Семьи (граждане) имеющие право на компенсацию затрат на капитальный ремонт общего имущества кондоминиума, кроме документов, предусмотренных пунктом 5 настоящих Правил, предоставляют:
      1) счета о размере целевого взноса на капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;
      2) счет о размере ежемесячных взносов на накопление средств на капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, предъявляемые органом управления объекта кондоминиума, на основании сметы расходов на проведение отдельных видов капитального ремонта общего имущества объекта кондоминиума, согласованной с местным исполнительным органом (жилищной инспекцией) утвержденной на общем собрании собственников и нанимателей (поднанимателей) квартир и заверенный печатью, подписью руководителя органа управления объекта кондоминиума.
      Семьи (граждане), имеющие право на получение компенсации расходов на оплату услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, кроме документов, предусмотренных пунктом 5 настоящих Правил, предоставляют:
      1) квитанции – счета за услуги телекоммуникаций или копию договора на оказание услуг связи.
      Семьи (граждане), имеющие право на получение компенсации расходов на оплату арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, кроме документов, предусмотренных пунктом 5 настоящих Правил, предоставляют:
      1) счета о размере арендной платы за пользование жилищем, предъявленные местным исполнительным органом.
      При повторном обращении документы, указанные в подпунктах 1,2,3 предоставляются при возникновении изменений.
      6. Жилищная помощь назначается уполномоченным органом по назначению и выплате, который в течение 15-ти дней со дня принятия документов от заявителя рассматривает и выносит решение о назначении жилищной помощи или об отказе в назначении.
      Уполномоченный орган по назначению и выплате жилищной помощи после принятия решения письменно извещает заявителя о принятом решении.
      7. В случае возникновения сомнения в достоверности информации уполномоченный орган по назначению и выплате жилищной помощи вправе обратиться в органы, уполномоченные производить проверки.
      8. Размер жилищной помощи рассчитывается как разница между фактическим платежом собственника или нанимателя (поднанимателя) за содержание жилья и потреблением коммунальных услуг в пределах норм площади жилья, обеспечиваемых компенсационными мерами и предельно допустимым уровнем расходов данной семьи на эти цели.
      9. Жилищная помощь устанавливается в виде денежных выплат. Выплата жилищной помощи производится полностью за квартал (при наличии права) по мере финансирования уполномоченным органом по распределению бюджетных средств.
      Выплата осуществляется уполномоченной организацией по выдаче жилищной помощи, путем зачисления на счет по вкладам граждан за счет средств, выделенных на эти цели из районного бюджета.

3. Исчисление совокупного дохода семьи (гражданина),
претендующего на получение жилищной помощи

      Совокупный доход семьи (гражданина), претендующего на получение жилищной помощи, исчисляется уполномоченным органом по назначению и выплате жилищной помощи за квартал, предшествовавший кварталу обращения за назначением жилищной помощи на основании Правил исчисления совокупного дохода лица (семьи), претендующего на получение государственной адресной социальной помощи, утвержденных приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 28 июля 2009 года № 237-п.