Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 18 қазандағы № ВС-28-4 шешімі. Ақмола облысы Жақсы ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 26 қарашада № 1-13-121 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 наурыздағы № 5С-2-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 27.03.2012 № 5С-2-5 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Мұқтаж азаматтардың келесі санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық Мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Ақмола облыстық филиалы Жақсы аудандық бөлімшесімен ұсынылған тізімдердің негізінде Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жылдығына орай жеті айлық есептік көрсеткіш көлемінде және жазылу сәтіндегі жазылу бағасы көлемінде облыстық мерзімді басылымға жеңілдікпен жазылуды ресімдеу;
      «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық Мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақмола облыстық филиалы Жақсы аудандық бөлімшесімен ұсынылған тізімдердің негізінде концлагерлердің жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жылдығына орай үш айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық Мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақмола облыстық филиалы Жақсы аудандық бөлімшесімен ұсынылған тізімдердің негізінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің әйелдеріне (күйеулеріне), жалпы ауруға шалдығудан мүгедек деп танылып қайтыс болған соғысқа қатысушылардың әйелдеріне (күйеулеріне) Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жылдығына орай үш айлық есептік көрсеткіш көлемінде және коммуналдық қызмет шығынына бір жарым айлық есептік көрсеткіштің көлемінде;
      «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық Мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақмола облыстық филиалы Жақсы аудандық бөлімшесімен ұсынылған тізімдердің негізінде бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан – Совет Армиясының, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілеріне, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Ішкі істер министрлігінің қатардағы және басқарушы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса есептегенде), 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға, сонымен қатар Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарынан мүгедек болған адамдарға, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы жылдары тылда 1941 жылдың 22 маусымынан алты айдан кем емес жұмыс істеген (қызмет еткендерге) адамдарға Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жылдығына орай үш айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық Мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақмола облыстық филиалы Жақсы аудандық бөлімшесімен ұсынылған тізімдердің негізінде жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілерге Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жылдығына орай үш айлық есептік көрсеткіш көлемінде және жазылу сәтіндегі жазылу бағасы көлемінде аудандық мерзімді басылымға жеңілдікпен жазылуды ресімдеуге;
      ауыл және ауылдық округтары әкімдерімен ұсынылған тізімдердің негізінде Халықаралық қарт адамдар Күніне орай өндірістен қол үзген зейнеткерлерге бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      2) мүгедектерге:
      емделуге бару жолының, сонымен жүріп-тұру қиындығы кезінде ілесіп жүрушілерге төлеу Ақмола облысының шеңберінде екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде, Ақмола облысынан тыс жерлерге он айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      дәрі-дәрмекті сатып алуға біржолғы он айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      алдын-ала емдеуге біржолғы елу айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      «Жақсы ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесімен ұсынылған тізімдердің негізінде «Надежда» аудандық спартакиадасына қатысушыларға екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық Мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақмола облыстық филиалы Жақсы аудандық бөлімшесімен ұсынылған тізімдердің негізінде 1,2 топ мүгедектеріне мүгедектер Күніне орай бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      ауыл және ауылдық округтары әкімдерімен ұсынылған тізімдердің негізінде 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға Халықаралық балаларды қорғау Күніне орай бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
       3) белгілі бір жағдайларға байланысты шұғыл әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға (азаматтарға):
      Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін құжаттарды ресімдеуге он айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      табиғи және техногендік сипаттағы төтенше апатқа байланысты жиырма айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      дәрігерлік-кеңестік комиссияның анықтамасы негізінде онкологиялық аурумен ауыратындарға оталық емдеуден кейінгі кезеңге біржолғы он айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      үйсіздерге (белгілі тұратын жері жоқ тұлғаларға) біржолғы он айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      бас бостандығынан айыру орнынан босағандарға біржолғы он айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      4) ауыл және ауылдық округтары әкімдерімен ұсынылған тізімдердің негізінде жан басына шаққандағы табысы кедейшілік шегінен төмен отбасыларға (азаматтарға) негізгі тағам өнімдерінің, қуат жеткізгіштердің қымбаттауына байланысты отбасының әр мүшесіне ай сайын жарты айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      5) ауыл және ауылдық округтары әкімдерімен ұсынылған тізімдердің негізінде жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күн көріс деңгейінен төмен көп балалы отбасыларға негізгі тағам өнімдерінің, қуат жеткізгіштердің қымбаттауына байланысты екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      6) туберкулезбен ауыратындарға:
      Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Жақсы орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынымен ұсынылған тізімдердің негізінде фтизиатр-дәрігерде есепте тұрғандарға ай сайын екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      туберкулездік диспансерде емделуде жатқандарға біржолғы он бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      7) колледждердегі оқудың күндізгі бөлімінде оқитын ауылдық елді мекендердегі аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге оқытуды төлеу үшін оқыту бағасының көлемінде.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2011.06.17 № С-34-5 шешімімен
      1-1. Әлеуметтік көмекті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі  қосымшаға сәйкес анықталсын.
      Ескерту. Шешім 1-1-тармақпен толықтырылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2011.06.17 № С-34-5 шешімімен
      2. Аудандық мәслихаттың 2010 жылдың 7 сәуірдегі № ВС-25-4 «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешімінің (2010 жылғы 14 мамырдағы Жақсы ауданының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-13-109 тіркелген, 2010 жылдың 28 мамырында аудандық «Жақсы жаршысы» № 23 газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешім Жақсы ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Б.Жанәділов

      Жақсы аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Б.Жанәділов

      КЕЛІСІЛГЕН

      Жақсы ауданының әкімі                      И.Қабдуғалиев

      «Жақсы ауданының
      жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Л.Сейдахметова

Жақсы аудандық мәслихатының
2010 жылғы 18 қазандағы 
№ ВС-28-4 шешіміне қосымша

Әлеуметтік көмекті алу үшін қажетті
құжаттардың тізбесі

      Ескерту. Шешім қосымшамен толықтырылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2011.06.17 № С-34-5 шешімімен

      1. Мүгедектерге емделуге бару жолының, олармен жүріп-тұру қиындығы кезінде ілесіп жүрушілерге төлеу:
      1) өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) 16 жасқа дейінгі балаларға туу туралы куәліктің көшірмесі;
      4) мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;
      5) өтініш берушінің есеп айырысу шотының көшірмесі;
      6) әлеуметтік жеке код беру туралы куәліктің көшірмесі (бұдан әрі - ӘЖК);
      7) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      8) дәрігерлік мекеменің емделуге берген жолдаманың көшірмесі.
      2. Мүгедектерге дәрі-дәрмек сатып алуға:
      1) өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) 16 жасқа дейінгі балаларға туу туралы куәліктің көшірмесі;
      4) мүгедектігі туралы анықтама көшірмесі;
      5) өтініш берушінің есеп айырысу шотының көшірмесі;
      6) ӘЖК көшірмесі;
      7) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      8) дәрі-дәрмек сатып алуға мұқтаждығы туралы дәрігерлік мекеме құжатының көшірмесі.
      3. Мүгедектерге алдын-ала емдеуге:
      1) өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;
      4) өтініш берушінің есеп айырысу шотының көшірмесі;
      5) ӘЖК көшірмесі;
      6) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі.
      4. Отбасыларға (азаматтарға) азаматтықты алу үшін құжаттарды ресімдеуге:
      1) басқа мемлекет азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) көші-қон картасының көшірмесі;
      3) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың көшірмесі, басқа мемлекет азаматтың жеке басын куәландыратын құжаты болмағанда азаматтығы жоқ адамның куәлігінің көшірмесі;
      4) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
      5. Отбасыларға (азаматтарға) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше апатқа байланысты:
      1) өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) өтініш берушінің есеп айырысу шотының көшірмесі;
      4) ӘЖК көшірмесі;
      5) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      6) төтенше апатты растайтын құжаттың көшірмесі.
      6. Онкологиялық аурумен ауыратындарға оталық емдеуден кейінгі кезеңге:
      1) өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) өтініш берушінің есеп айырысу шотының көшірмесі;
      4) ӘЖК көшірмесі;
      5) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      6) ота өткізілген фактісін растайтын, ауру тарихынан үзінді.
      7. Үйсіздерге (белгілі тұратын жері жоқ тұлғаларға):
      1) өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) өтініш берушінің есеп айырысу шотының көшірмесі;
      4) азаматтың осы санатқа жататындығы туралы ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі аппаратының анықтамасы.
      8. Бас бостандығынан айыру орнынан босағандарға:
      1) өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) өтініш берушінің есеп айырысу шотының көшірмесі;
      4) ӘЖК көшірмесі;
      5) бас бостандығынан айыру орнынан босаған фактісін растайтын құжаттың көшірмесі.
      9. Туберкулезбен ауыратындарға, туберкулездік диспансерде емделуде жатқандарға:
      1) өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) өтініш берушінің есеп айырысу шотының көшірмесі;
      4) ӘЖК көшірмесі;
      5) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      6) туберкулездік диспансерде емделуде жатқандығы туралы дәрігерлік мекеменің анықтамасы.
      10. Колледждердегі оқудың күндізгі бөлімінде оқитын ауылдық елді мекендердегі аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге оқытуды төлеу үшін:
      1) өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) өтініш берушінің есеп айырысу шотының көшірмесі;
      4) ӘЖК көшірмесі;
      5) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      6) оқу орнын растайтын анықтама;
      7) оқуға келісім-шарттың көшірмесі;
      8) отбасының табысы туралы мәліметті немесе көп балалы отбасы мәртебесін растайтын құжаттардың көшірмелері.
      11. Салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін өтініш берген күні құжаттардың түпнұсқалары өтінушіге қайтарылады.

Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан

Решение Жаксынского районного маслихата Акмолинской области от 18 октября 2010 года № ВС-28-4. Зарегистрировано Управлением юстиции Жаксынского района Акмолинской области 26 ноября 2010 года № 1-13-121. Утратило силу решением Жаксынского районного маслихата Акмолинской области от 27 марта 2012 года № 5С-2-5

      Сноска. Утратило силу решением Жаксынского районного маслихата Акмолинской области от 27.03.2012 № 5С-2-5.

      В соответствии со статьей 56 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Оказать социальную помощь следующим категориям нуждающихся граждан:
      1) участникам и инвалидам Великой Отечественной войны к годовщине Победы в Великой Отечественной войне в размере семикратного месячного расчетного показателя и на оформление льготной подписки на областное периодическое издание в размере подписной цены на момент подписки на основании списков, представленных Жаксынским районным отделением Республиканского Государственного казенного предприятия «Государственный центр по выплате пенсий» Акмолинского областного филиала;
      бывшим несовершеннолетним узникам концлагерей к годовщине Победы в Великой Отечественной войне в размере трехкратного месячного расчетного показателя на основании списков, представленных Жаксынским районным отделением Республиканского Государственного казенного предприятия «Государственный центр по выплате пенсий» Акмолинского областного филиала;
      семьям погибших военнослужащих, женам (мужьям) умерших инвалидов Великой Отечественной войны, женам (мужьям) умерших участников Великой Отечественной войны, признававшихся инвалидами от общего заболевания к годовщине Победы в Великой Отечественной войне в размере трехкратного месячного расчетного показателя и на расходы за коммунальные услуги ежемесячно в размере полуторократного месячного расчетного показателя на основании списков, представленных Жаксынским районным отделением Республиканского Государственного казенного предприятия «Государственный центр по выплате пенсий» Акмолинского областного филиала;
      военнослужащим Советской Армии, Военно-Морского Флота, Комитета государственной безопасности, лицам рядового и начальствующего состава Министерства внутренних дел бывшего Союза Советских Социалистических Республик (включая военных специалистов и советников), которые в соответствии с решениями правительственных органов бывшего Союза Советских Социалистических Республик принимали участие в боевых действиях на территории других государств, лицам, принимавшим участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1986-1987 годах, а также лицам, ставшим инвалидами вследствие катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции, лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза Советских Социалистических Республик за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, а также лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года в тылу в годы Великой Отечественной войны к годовщине Победы в Великой Отечественной войне в размере трехкратного месячного расчетного показателя на основании списков, представленных Жаксынским районным отделением Республиканского Государственного казенного предприятия «Государственный центр по выплате пенсий» Акмолинского областного филиала;
      военнообязанным, призывавшимся на учебные сборы и направлявшимся в Афганистан в период ведения боевых действий к годовщине Победы в Великой Отечественной войне в размере трехкратного месячного расчетного показателя и на оформление льготной подписки на районное периодическое издание в размере подписной цены на момент подписки на основании списков, представленных Жаксынским районным отделением Республиканского Государственного казенного предприятия «Государственный центр по выплате пенсий» Акмолинского областного филиала;
      пенсионерам, потерявшим связь с производством к Международному дню пожилых людей в размере одного месячного расчетного показателя на основании списков, представленных акимами сел и сельских округов;
      2) инвалидам:
      на оплату проезда на лечение, а также лицам, сопровождающим их при затруднении в передвижении в пределах Акмолинской области в размере двукратного месячного расчетного показателя, за пределы Акмолинской области в размере десятикратного месячного расчетного показателя;
      на приобретение медикаментов единовременно в размере десятикратного месячного расчетного показателя;
      на профилактику лечения единовременно в размере пятидесятикратного месячного расчетного показателя;
      участвующим в районной спартакиаде «Надежда» в размере двукратного месячного расчетного показателя, на основании списков, представленных Государственным учреждением «Отдел физической культуры и спорта Жаксынского района»;
      инвалидам 1,2 групп к Дню инвалидов в размере одного месячного расчетного показателя на основании списков, представленных Жаксынским районным отделением Республиканского Государственного казенного предприятия «Государственный центр по выплате пенсий» Акмолинского областного филиала;
      детям-инвалидам в возрасте до 18 лет к Международному Дню защиты детей в размере одного месячного расчетного показателя на основании списков, представленных акимами сел и сельских округов;
      3) семьям (гражданам) в силу определенных обстоятельств, нуждающимся в экстренной социальной поддержке:
      на оформление документов для приобретения гражданства Республики Казахстан в размере десятикратного месячного расчетного показателя;
      в связи со стихийными бедствиями природного или техногенного характера в размере двадцатикратного месячного расчетного показателя;
      больным онкологическими заболеваниями на период после операционного лечения, единовременно в размере десяти месячных расчетных показателей на основании справки врачебно-консультативной комиссии;
      бездомным (лицам без определенного места жительства) единовременно в размере десятикратного месячного расчетного показателя;
      освобожденным из мест лишения свободы единовременно в размере десятикратного месячного расчетного показателя;
      4) семьям (гражданам), среднедушевой доход которых ниже размера черты бедности в связи с повышением цен на основные продукты питания, энергоносители ежемесячно в размере половины месячного расчетного показателя на каждого члена семьи на основании списков, представленных акимами сел и сельских округов;
      5) многодетным семьям, среднедушевой доход которых ниже величины прожиточного минимума в связи с повышением цен на основные продукты питания, энергоносители ежемесячно в размере двукратного месячного расчетного показателя на основании списков, представленных акимами сел и сельских округов;
      6) больным туберкулезом:
      состоящим на учете у врача-фтизиатра ежемесячно в размере двукратного месячного расчетного показателя на основании списков, представленных государственным коммунальным казенным предприятием «Жаксынская центральная районная больница» при управлении здравоохранения Акмолинской области;
      находящимся на лечении в туберкулезном диспансере единовременно в размере пятнадцатикратного месячного расчетного показателя;
      7) студентам из малообеспеченных, многодетных семей из сельской местности, обучающимся в колледжах по очной форме обучения на оплату за обучение в размере стоимости обучения.
      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными решением Жаксынского районного маслихата Акмолинской области от 17.06.2011 № С-34-5
      1-1. Определить перечень документов необходимых для получения социальной помощи согласно приложению.
      Сноска. Решение дополнено пунктом 1-1 в соответствии с  решением Жаксынского районного маслихата Акмолинской области от 17.06.2011 № С-34-5
      2. Признать утратившим силу решение районного маслихата «Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан» от 7 апреля 2010 года № ВС-25-4 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов 14 мая 2010 года № 1-13-109, опубликовано 28 мая 2010 года № 23 в районной газете «Жаксынский вестник»).
      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Управлении юстиции Жаксынского района и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель
      внеочередной сессии                        Б.Джанадилов

      Секретарь Жаксынского
      районного маслихата                        Б.Джанадилов

      СОГЛАСОВАНО

      Аким Жаксынского района                    И.Кабдугалиев

      Начальник Государственного
      учреждения «Отдел занятости
      и социальных программ
      Жаксынского района»                        Л.Сейдахметова

Приложение к решению 
Жаксынского районного
маслихата от 18 октября
2010 года № ВС-28-4 

Перечень
документов, необходимых для
получения социальной помощи

      Сноска. Решение дополнено приложением в соответствии с  решением Жаксынского районного маслихата Акмолинской области от 17.06.2011 № С-34-5

      1. Инвалидам на оплату проезда на лечение, а также лицам, сопровождающим их при затруднении в передвижении:
      1) заявление;
      2) копия документа, удостоверяющего личность;
      3) копия свидетельства о рождении детям до 16 лет;
      4) копия справки об инвалидности;
      5) копия расчетного счета заявителя;
      6) копия свидетельства о присвоении социального индивидуального кода (далее-СИК);
      7) копия книги регистрации граждан;
      8) копия направления медицинского учреждения на лечение.
      2. Инвалидам на приобретение медикаментов:
      1) заявление;
      2) копия документа, удостоверяющего личность;
      3) копия свидетельства о рождении детям до 16 лет;
      4) копия справки об инвалидности;
      5) копия расчетного счета заявителя;
      6) копия СИК;
      7) копия книги регистрации граждан;
      8) копия документа медицинского учреждения о нуждаемости в приобретении медикаментов.
      3. Инвалидам на профилактику лечения:
      1) заявление;
      2) копия документа, удостоверяющего личность;
      3) копия справки об инвалидности;
      4) копия расчетного счета заявителя;
      5) копия СИК;
      6) копия книги регистрации граждан.
      4. Семьям (гражданам), на оформление документов для приобретения гражданства:
      1) копия документа, удостоверяющего личность гражданина другого государства;
      2) копия миграционной карточки;
      3) копия вида на жительство иностранца в Республике Казахстан, при отсутствии документа, удостоверяющего личность гражданина другого государства копия удостоверения лица без гражданства;
      4) копия документа, подтверждающего регистрацию по месту жительства.
      5. Семьям (гражданам), в связи со стихийными бедствиями природного или техногенного характера:
      1) заявление;
      2) копия документа, удостоверяющего личность;
      3) копия расчетного счета заявителя;
      4) копия СИК;
      5) копия книги регистрации граждан;
      6) копия документа, подтверждающего факт стихийного бедствия.
      6. Больным онкологическими заболеваниями на период после операционного лечения:
      1) заявление;
      2) копия документа, удостоверяющего личность;
      3) копия расчетного счета заявителя;
      4) копия СИК;
      5) копия книги регистрации граждан;
      6) выписка из истории болезни, подтверждающий факт проведения операции.
      7. Бездомным (лицам без определенного места жительства):
      1) заявление;
      2) копия документа, удостоверяющего личность;
      3) копия расчетного счета заявителя;
      4) справка аппарата акима аула (села), аульного (сельского) округа о принадлежности к данной категории граждан.
      8. Освобожденным из мест лишения свободы:
      1) заявление;
      2) копия документа, удостоверяющего личность;
      3) копия расчетного счета заявителя;
      4) копия СИК;
      5) копия документа, подтверждающего факт освобождения из мест лишения свободы.
      9. Больным туберкулезом, находящимся на лечении в туберкулезном диспансере:
      1) заявление;
      2) копия документа, удостоверяющего личность;
      3) копия расчетного счета заявителя;
      4) копия СИК;
      5) копия книги регистрации граждан;
      6) справка медицинского учреждения о нахождении на стационарном лечении в туберкулезном диспансере.
      10. Студентам из малообеспеченных, многодетных семей из сельской местности, обучающимся в колледжах по очной форме обучения на оплату за обучение:
      1) заявление;
      2) копия документа, удостоверяющего личность;
      3) копия расчетного счета заявителя;
      4) копия СИК;
      5) копия книги регистрации граждан;
      6) справка, подтверждающая место обучения;
      7) копия договора на обучение;
      8) копии документов, подтверждающие сведения о доходах семьи, либо статус многодетной семьи.
      11. Документы предоставляются в копиях и подлинниках для сверки, после чего подлинники документов возвращаются заявителю в день подачи заявления.