РҚАО-ның ескертпесі.
Қолданысқа енгізу тәртібін 4-тармақтан қараңыз
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, сондай-ақ «Ақмола облыстық мәслихаттан шыққан депутаттардың орнына депутаттарды сайлауды белгілеу туралы» Ақмола облыстық сайлау комиссиясының 2010 жылғы 23 тамыздағы № 11 шешіміне сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп, № 6 сайлау округі бойынша Сандықтау аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін Сандықтау ауданында, қосымшаға сәйкес орындар белгіленсін.
2. Барақпай, Жамбыл, Лесной селолық округтерінің әкімдері үгіттік баспа материалдарын орналастыруға орындарды стендтермен, тақталармен жарақтандырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Ә.Қ.Қазизоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы Сандықтау ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сандықтау ауданының әкімі Қ.Сүйіндіков
«КЕЛІСІЛДІ»
Сандықтау аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрайымы С.Назарович
Сандықтау ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 22 қыркүйек № А-8/232
қаулысына қосымша
№ 6 сайлау округі бойынша Сандықтау аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін Сандықтау ауданындағы орындар
№ |
Елді мекеннің атауы |
Орналасқан жері |
Орналастыру үшін объектінің атауы |
1 |
Речное селосы |
село орталығы ауданы |
ақпараттық стенд |
2 |
Граниковка селосы |
село орталығы ауданы |
ақпараттық стенд |
3 |
Приозерный селосы |
Сандықтау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы «Балкашин аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының селолық мәдениет үйінің ауданы |
ақпараттық тақта |
4 |
Қызылқазақстан селосы |
село орталығы ауданы |
ақпараттық стенд |
5 |
Барақпай селосы |
Сандықтау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы «Балкашин аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының селолық мәдениет үйінің ауданы |
ақпараттық тақта |
6 |
Чашке селосы |
село орталығы ауданы |
ақпараттық стенд |