Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімінің 2010.12.20 № 9 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабы, 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілгенҚазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережеге сәйкес, азаматтарды әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылығының дәрежесін анықтау, жалпы білім деңгейін, мамандығын және дене даярлығы деңгейін белгілеу мақсатында аудан әкімі ШЕШТІ:
1. Тіркеу жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды мына мекен-жай бойынша: Шортанды кенті, Безымянный қиылысы, 1 орналасқан «Ақмола облысы Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу 2010 жылғы қаңтар-наурыз айларында ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шортанды ауданы әкімінің орынбасары В.П.Игнатовқа жүктелсін.
3. Осы шешім Шортанды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шортанды ауданының әкімі С.Камзебаев
КЕЛІСІЛДІ:
«Ақмола облысы
Шортанды ауданының
қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Е.Асылбеков