Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012.04.13 № 125 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 27 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Заңы 28 бабының 3 тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыс әкімдігінің 2007 жылғы 24 шілдедегі № 254 «Елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау, жер учаскелеріне, ғимараттар мен имараттарға реттік нөмірлер беру талаптарын белгілеу қағидалары туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3225 тіркелген, «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінің 2007 жылғы 25 қыркүйектегі № 118 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
актінің барлық мәтіні бойынша «мемлекеттік басқару» деген сөздерден кейін «және өзін-өзі басқару» деген сөздермен толықтырылсын, «Н.Қ.Әбдібеков» деген сөздер «А.Г.Дубовенко» деген сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Ақтөбе облысының елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау, жер учаскелеріне, ғимараттар мен имараттарға реттік нөмірлер беру талаптарын белгілеу Қағидаларындағы:
2 тарау алынып тасталсын;
7 тарауда:
68 тармақта «ұстауға міндетті» деген сөздер «ұстайды» деген сөзімен ауыстырылсын;
70 тармақта «қамтамасыз ету қажет» деген сөздер «қамтамасыз етеді» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің
міндетін атқарушы І.Өмірзақов