Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, "Бұқар жырау ауданының кейбір селолық округтарының атауларын қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру және Березняки селосы мен Березняки селолық округін қайта атау жөнінде ұсыныстар енгізу туралы" Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 11 наурыздағы N 07/26 бірлескен қаулысы мен Бұқар жырау ауданы мәслихатының 2008 жылғы 28 наурыздағы N 4 шешімін ескере отырып, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданы бойынша келесі ауылдық елді мекендері мен ауылдық округтері:
Березняки ауылы Қызылқайың ауылы болып;
Березняки ауылдық округі Қызылқайың ауылдық округі болып;
Бабаев селолық әкімшілігі Үміткер ауылдық округі болып;
Ленинское селолық әкімшілігі Самарқанд ауылдық округі болып;
Кузнецкий селолық әкімшілігі Тоғызқұдық ауылдық округі болып қайта аталсын.
2. "Қарағанды облысының кейбір ауылдық елді мекендері мен ауылдық округтерін қайта атау туралы" облыс әкімдігінің бірлескен қаулысы мен облыстық мәслихаттың шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.О. Қырықбаевқа және облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына (С.М. Әдекенов) жүктелсін.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім олардың алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі С. Ахметов
Cессия төрағасы А. Найзабеков
Облыстық мәслихаттың хатшысы Б. Жұмабеков