"Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2011 жылдың қаңтарынан наурызына дейін тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды, сондай-ақ тіркелуге тиіс, бірақ тіркелу үшін белгіленген мерзімде келмеген азаматтарды тұрғылықты жері бойынша әскерге шақыру учаскесіне тіркеу жүргізілсін.
2. Осы шешімінің орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Б.К. Егишевке жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қала әкімі Е. Утешев