Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2011.02.14 N 19 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес аз қамтылған азаматтарды қосымша қолдау мақсатында Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне ресми тіркелген жұмыссыз азаматтарға өз істерін ашу үшін материалдық көмек көрсету жөнінде жұмыстарды ұйымдастыру тапсырылсын.
2. Өз істерін ашу үшін материалдық көмек алуға жұмыссыз азаматтардың берген өтініштерін қарайтын аудандық тұрақты комиссияның құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. "Қарқаралы ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі 451-02-102 "Тұрғындарды жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар" бюджеттік бағдарламасы бойынша тиісті жылдың аудан бюджетінде қарастырылған қаражаттар шегінде қаржыландыруды жүзеге асырсын.
4. Материалдық көмек Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 4 желтоқсандағы "2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңына сәйкес "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің есептері негізінде, жыл сайын белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің 40 (қырыққа) дейінгі сомасының шегінде бөлу белгіленсін.
5. Жұмыссыз азаматтарға өз істерін ашу үшін берілетін материалдық көмекті мақсатты пайдалануын бақылау "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
6. Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 3 наурыздағы "Жұмыссыз азаматтарға өз істерін ашу үшін материалдық көмек көрсету туралы" N 39 Қаулысының (Қарқаралы ауданының Әділет басқармасында 2009 жылдың 25 наурызында N 8-13-59 болып тіркелген, 2009 жылдың 4 сәуірінде "Қарқаралы" газетінің N 24-25 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Дюсетаевқа жүктелсін.
8. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Аудан әкімі Н. Омарханов
Қарқаралы ауданы әкімдігінің
2010 жылдың 11 қаңтарындағы
N 2 қаулысына қосымша
Өз істерін ашу үшін материалдық көмек алуға жұмыссыз азаматтардың берген өтініштерін қарайтын аудандық тұрақты комиссияның құрамы
1. Дюсетаев Серік Смағанбетұлы - аудан әкімінің орынбасары,
комиссия төрағасы;
2. Жұманбаев Бейбіт Мақышұлы - "Қарқаралы ауданының
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы,
комиссия төрағасының
орынбасары;
3. Төлеубекова Айгүл Зекенқызы - "Қарқаралы ауданының
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің жұмыспен қамту
қызметін үйлестіру
секторының меңгерушісі,
комиссия хатшысы;
Комиссия мүшелері:
4. Ахметжанов Бекболат Қапайұлы - "Қарқаралы ауданының қаржы
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы;
5. Қабиев Мұхаметқан Иманкәрімұлы - "Қарқаралы ауданының
кәсіпкерлер бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы;
6. Халел Дулат Қанышұлы - "Қарқаралы ауданының ішкі
саясат бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы;
7. Сатыбалдин Айдар Рымбайұлы - "Казпошта" акционерлік
қоғамның аудандық пошта
торабының бастығы (келісім
бойынша);
8. Ламбеков Нұрлан Рымбайұлы - Қарқаралы қаласының әкімі;
9. Әлиұлы Сайлау - "Қарқаралы ауданы әкімінің
аппараты" мемлекеттік
мекемесінің үйлестіру
бөлімінің меңгерушісі.