Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2010.12.28 N 409 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 11 қаңтардағы N 1 "Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8–13–76 нөмірмен тіркелген, 2010 жылғы 6 ақпанында 11-12 нөмірінде "Қарқаралы" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
қаулының қосымшасындағы 5 тарауда:
"Қоғамдық тәртіпті сақтау" деген сөздер "Іс-қағаздарды реттеу" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалысын бақылау Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары Серік Смағанбетұлы Дюсетаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Қарқаралы ауданының әкімі Н. Омарханов