Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихат аппаратының 2011.04.06 N 40 хатымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы N 183 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2010 жылғы ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау, көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін кредит ұсынылсын.
2. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Э. Таттыбаев
Аудандық мәслихаттың хатшысы Е. Тұранов
КЕЛІСІЛДІ:
Нұра ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау
бөлімінің бастығы
М.С. Мухамеджанова
28 ақпан 2010 жыл
Нұра ауданының
қаржы бөлімінің
бастығы
Д.З. Максутов
28 ақпан 2010 жыл