Ескерту. Мерзімінің өтуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің аппаратының 2011.04.21 N 3-2/231 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 30 қарашадағы "Ауданда 2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-15-113 болып тіркелген, "Сельский труженик" аудандық газетінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 52 санында жарияланған) N 34/06 қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
қаулының 2 тармағы келесі мазмұнының 4 тармақшасымен толықтырылсын:
"4) Осакаров кенті әкімінің аппаратына қоғамдық жұмысқа жіберілген жұмыссыз азаматтардың еңбек ақысы 3 ай мерзім бойынша ең төменгі 1,5 жалақысы көлемінде төленсін.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Нүркен Сайфиддинұлы Кобжановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таралады.
Осакаров ауданының әкімі Р. Әбдікеров